Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Лайықты еңбек және экономикалық өсу
Лайықты еңбек және экономикалық өсу

Ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және өнміді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу.

      2023 жылы әлемдік жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады (ХЕҰ деректері бойынша).
      2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 5,2% деңгейінде тұрақтады, алайда әлемдік экономиканың баяулауына байланысты 2025 жылы оның шамамен 5,3%-ға дейін өсуі болжануда.

      Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ересектерге қарағанда шамамен үш есе жоғары - 15% шамасында.
      2023 жылы әлем бойынша жұмыспен қамтылған халықтың шамамен 58%-ы бейресми секторда еңбек етті.

      2024 жылы әйелдердің орташа жалақысы ерлерге қарағанда әлі де шамамен 20%-ға төмен.
      Әйелдердің жұмыс күшіне қатысу деңгейі шамамен 61%-ды құрайды, ал ерлер арасында - шамамен 90%.

      Әйелдердің ақысыз үй еңбегі ерлерге қарағанда әлі де 2,5 есе көп.

      8.1 Ұлттық жағдайларға сәйкес, жан басына шаққандағы экономикалық өсуді, атап айтқанда, ең нашар дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің жылына кемі 7 пайыз деңгейінде өсуін қолдау

      8.2 Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және инновациялық қызмет арқылы, оның ішінде үстеме құны жоғары секторларға және еңбекті көп қажет ететін секторларға ерекше назар аудару арқылы экономикадағы өнімділікті арттыруға қол жеткізу

      8.3 Еселі қызметке, лайықты жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікке, шығармашылыққа және инновациялық қызметке ықпал ететін, дамуға бағдарланған саясатты жүргізуге жәрдемдесу және микро, шағын және орта кәсіпорындарды, атап айтқанда, оларға қаржылық қызметтерге қол жеткізуді ұсыну арқылы ресми мойындау мен дамытуға ынталандыру

      8.4 2030 жылдың соңына дейінгі бүкіл мерзім ішінде тұтыну мен өндіріс жүйелерінде ресурстарды пайдаланудың жаһандық тиімділігін біртіндеп арттыру және тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдерін пайдалануға көшу жөніндегі іс-қимылдардың Он жылдық стратегиясында көзделгендей, экономикалық өсім мен қоршаған орта жағдайының нашарлауы қатар жүрмейтіндігіне ұмтылу, бұл ретте бірінші болып дамыған елдер айналысуға тиіс

      8.5 2030 жылға қарай барлық әйел мен ер адамдар, оның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және еселі жұмыспен қамтуды, лайықты жұмысты және құндылығы бірдей еңбек үшін теңдей ақы төлеуді қамтамасыз ету

      8.6 2020 жылға қарай жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыға ие болмайтын жастардың үлесін айтарлықтай қысқарту

      8.7 Мәжбүрлі еңбекті жою, қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасын тоқтату және бала еңбегінің ең нашар түрлеріне, оның ішінде солдат балаларды тарту мен пайдалануға тыйым салып, оларды жоюды қамтамасыз ету үшін шұғыл және тиімді шаралар қабылдау, ал 2025 жылға қарай балалар еңбегінің барлық түрлерін тоқтату

      8.8 Барлық еңбек етушілерге, мигрант еңбек етушілерге, әсіресе мигрант әйелдерге және тұрақты жұмыспен қамтылмаған адамдарға сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

      8.9 2030 жылға қарай жұмыс орындарын құруға, жергілікті мәдениетті дамытуға және жергілікті өнім өндіруге ықпал ететін орнықты туризмді көтермелеу стратегияларын әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету

      8.10 Ұлттық қаржы мекемелерінің барлығына арналған банктік, сақтандыру және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті көтермелеу және кеңейту қабілетін нығайту

      8.a «Саудадағы көмек» бастамасы шеңберінде дамушы елдерге, әсіресе, нашар дамыған елдерге көрсетілетін қолдауды, оның ішінде, ең нашар дамыған елдерге сауда саласында техникалық көмек көрсету үшін Кеңейтілген кешенді негіздемелік бағдарлама желісі бойынша қолдауды ұлғайту

      8.b 2020 жылға қарай жастарды жұмыспен қамтудың жаһандық стратегиясын әзірлеп, қолданысқа енгізу және Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс орындары туралы Жаһандық пактіні жүзеге асыру.

       

      Соңғы жаңалықтар
      06.10.2025 120 0
      Достар, тамаша жаңалық!
      Толығырақ
      28.09.2025 3138 0
      Өзгерістер кішкентай қадамдардан басталады
      Толығырақ
      26.09.2025 4116 0
      Ізгілікке әрқашан уақыт табылады
      Толығырақ
      Әлеуметтік желілерде оқыңыз
      Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
      Спасибо! ваша заявка отправлена