Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

26.09.2026 2778 0


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі 2026 жылғы 4 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Жыл сайын берілетін халықаралық сыйлық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тағайындалған. Сыйлық әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлік топтарды, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды ынталандыруды көздейді.

Сыйлық 15 номинация бойынша беріледі:
• «Үздік волонтерлік ұйым»;
• ⁠«Корпоративтік волонтерліктің көшбасшысы»;
• ⁠«Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»;
• ⁠«Үздік әлеуметтік көмекші»;
• ⁠«Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
• ⁠«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
• ⁠«Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
• ⁠«Денсаулық сақтау саласын дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
• ⁠«Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;
• ⁠«Білімді әйгілеудегі үлесі үшін»;
• ⁠«Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін»;
• ⁠«Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;
• ⁠«Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытуға қосқан үлесі үшін»;
• ⁠«Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;
• ⁠«Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

Әр үміткер сыйлыққа бір ғана номинация бойынша өтінім бере алады.

Өтінім https://qazvolunteer.kz/kk сайты⁠ арқылы қабылданады.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары туралы толық ақпаратты https://qazvolunteer.kz/kk және www.adilet.kz сайттары арқылы білуге болады.

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-12-86, 74-03-11 телефондарына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар
26.09.2026 2775 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2100 0
Күзгі игі істер аптасы басталуда!
Толығырақ
17.09.2026 1803 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған оқыту курсы аяқталды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена