Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Біз туралы

Біз туралы

Құрметті келушілер, QazVolunteer.kz платформасына қош келдіңіздер!

QazVolunteer.kz бұл – волонтерлер қозғалысын дамыту және танымал ету мақсатында бүкіл елден волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарды біріктіретін заманауи алаң.

Платформа 2018 жылы іске қосылды. Ресми тұсаукесері 2019 жылғы 29 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінде өтті. Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ грантының қолдауымен "Ұлттық волонтерлер желісі"ЗТБ-мен бір    лесіп әзірледі.

Ұлттық волонтерлік желі (ҰВЖ) – азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес-сектор және мемлекеттік құрылымдар арасында волонтерлік мәдениетті, волонтерлік бастамалар мен қызметті қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатында 2010 жылы құрылған азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі.

Жыл сайын 5 желтоқсанда ҰВЖ волонтерлік еңбекті тану, волонтерлік қызметке әртүрлі әлеуметтік және жас топтарының жастарын тарту, сондай-ақ халықты азаматтық қоғамды қалыптастырудағы волонтерліктің рөлі туралы хабардар ету мақсатында Халықаралық Волонтер күнін атап өтеді. 

Волонтердің ұзақ жолы бар, әдетте бәрі кішкентай қадамдардан, өз қаласындағы кішігірім акциялардан басталады. Тәжірибе арқылы ауқымды республикалық және халықаралық жобалар мен іс-шараларға қатысуға мүмкіндік туады.  Біздің волонтерлер ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне, Универсиадаға, ЕҚЫҰ Саммитіне, Астана экономикалық форумына және басқа да көптеген іс-шараларға белсенді қатысты.

Біз сіздермен бірге жаңа тәжірибе мен өмірлік дағдыларды аламыз!


Біздің команда

Татьяна Миронюк

Ұлттық волонтерлік желі атқарушы директоры

Досымбетов Айбек Аяпбергенұлы

BIRGEMIZ волонтерлер фронт-офисі жоба жетекшісінің орынбасары

Татьяна (Тинкай) Шолудько

BIRGEMIZ республикалық волонтерлер фронт-офисінің аналитигі, ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісінің BeKind Kazakhstan, BeGreen Kazakhstan және BeSafe Kazakhstan жобаларының ұлттық кеңесшісі

Александра Крашинина

Qazvolunteer.kz платформасының контент-менеджері «Бала құқықтары жөніндегі медикампания» және «Бала құқықтары жөніндегі клубтар» республикалық волонтерлік бағдарламаларының ЮНИСЕФ ұлттық кеңесшісі, ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісі жобаларының үйлестірушісі

Анастасия Мусалиева

Ұлттық волонтерлік желі дизайнері

Пірман Динара Ерланбекқызы

SMM менеджер


Жандос Мейрманов

ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісінің Volunteering for education жобасының ұлттық кеңесшісі

Макышева Айдана Расилхановна

Ақпараттық желі операторы, тренер

Шайхымов Сержан Нурланович

BIRGEMIZ республикалық волонтерлер фронт-офисінің аймақтармен жұмыс бойынша менеджері, видеооператор

Аягөз Баймагамбетова

ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісі жобаларының үйлестірушісі

Амангелді Аннэль

ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісінің BeSafe Kazakhstan жобасының үйлестірушісі

Гульжамиля Камарова

ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісінің BeSafe Kazakhstan жобасының үйлестірушісі

Назым Сагидоллина

ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісінің BeSafe Kazakhstan жобасының үйлестірушісі

Гульзира Кусакаева

ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісінің QauipsizInternet жобасының ұлттық кеңесшісі

Ақерке Кусанова

BIRGEMIZ республикалық волонтерлер фронт-офисінің менеджері

Спасибо! ваша заявка отправлена