Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы

«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы

21.09.2026 2405 0


Денсаулық жаршылары – халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және маусымдық аурулардың алдын алуға бағытталған бір реттік волонтерлік акция.


Акция аясында медициналық білімі немесе медицина саласында жұмыс тәжірибесі бар күміс волонтерлер халыққа өтеусіз негізде төмендегідей іс-шаралар өткізе алады:

● профилактикалық семинарлар мен дәрістер;

● ата-аналар мен болашақ ата-аналарға арналған ақпараттық кездесулер;

● маусымдық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша консультациялар;

● балаларға салауатты өмір салтының негіздері бойынша сабақтар;

● ұйқы режимі, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және жеке бас гигиенасы туралы түсіндіру жұмыстары;

● ЖРВИ және басқа да маусымдық аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары;

● өз құзыреті шегінде басқа да ағартушылық іс-шаралар.


Маңызды: іс-шаралар тек профилактикалық және ақпараттық сипатта болуы тиіс. 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 21.09 – 21.10.2026 жж.


Қатысу шарттары:

1. Күміс волонтер болу (55 жастан бастап немесе зейнеткерлік жастағы азаматтар).

2. Медициналық білімі және/немесе медицина саласында жұмыс тәжірибесі болуы.

3. Бір волонтерлік іс-шараны өтеусіз негізде өз бетінше ұйымдастырып өткізу.

4. Қауіпсіздік талаптарын және заңнама нормаларын сақтау.

5. Іс-шара өткізілгеннен кейін сілтеме арқылы есепті толтыру: https://forms.gle/YEAMopPBPhjrwJnz8 


Іс-шара тақырыптарына мысалдар:

Ата-аналарға арналған: «Баланы күзгі маусымға дайындау: маусымдық аурулардың алдын алу»

Болашақ ата-аналарға арналған: «Отбасы денсаулығы: аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері»

Балаларға арналған: «Денсаулығыңа қалай қамқорлық жасау керек» – интерактивті дәріс/сабақ.

Ересектерге арналған: «Аурусыз күз: маусымдық аурулардың алдын алу ережелері»


Есеп қабылданғаннан кейін қатысушыларға Ұлттық волонтерлік желі атынан «Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясына қатысқанын растайтын электрондық сертификат беріледі.


@qazvolunteer.kz


Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3111 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2857 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2399 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена