Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Сапалы білім
Сапалы білім

Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету.

  • Дамушы елдерде бастауыш мектеппен қамтылған балалардың саны 91 пайызға жетті. Алайда, бүкіл әлемде мектепке бармайтын мектеп жасындағы балалардың саны әлі де 57 миллионды құрайды.
  • Мектепкебармайтынбалалардыңжартысынан көбі Сахараның оңтүстігіндеорналасқан Африка елдеріндетұрады.
  • Кейбір мәліметтер бойынша, мектепке бармайтын бастауыш мектеп жасындағы балалардың 50 пайызы қақтығыстар салдарынан зардап шеккен аудандарда тұрады.
  • Дүние жүзіндегі 617 миллион жастарға математика мен сауаттылықтың негізгі дағдылары жетіспейді.
  • 2030 жылға қарай барлық ұл-қыздардыңсұранысқа ие және тиімді оқу нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін тегін, тең құқықты және сапалы бастауыш және орта білім алуын аяқтауын қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай барлық қыздар мен ұлдардың бастауыш білім алуға дайын болуы үшін кіші жастағы балалардың сапалы даму, күтім және мектепке дейінгі оқыту жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлер үшін қымбат емессапалы кәсіптік-техникалық және жоғары білімге, оның ішінде, университеттік білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты жұмысқа тұру және кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті дағдылары, оның ішінде кәсіптік-техникалық дағдылары бар жас және ересек адамдардың санын барынша ұлғайту.
  • 2030 жылға қарай білім беру саласындағы гендерлік теңсіздікті жою және халықтың осал топтары, оның ішінде мүгедектер, байырғы халық өкілдері және осал жағдайдағы балалар үшін барлық деңгейдегі білім алуға және кәсіптік-техникалық даярлыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай барлық жастар менересек тұрғындардың, ерлердің де, әйелдердің де басым бөлігінің оқып, жазып және есептей алуын қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай барлық оқушылардың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін, оның ішінде тұрақты даму және орнықты өмір салты, адам құқықтары, гендерлік теңдік, бейбітшілік және зорлық-зомбылықсыз мәдениетті насихаттау, бейбітшілік азаматтығы және мәдени әртүрліліктің құндылығын және мәдениеттің тұрақты дамуға қосқан үлесін сезіну мәселелері бойынша оқыту арқылы қажетті білім мен дағдыға ие болуын қамтамасыз ету.
  • Балалардың мүдделерін, мүгедектердің ерекше мұқтаждықтары мен гендерлік аспектілерді ескеретін оқу орындарын құру және жетілдіру, барлық адамдар үшін қауіпсіз, зорлық-зомбылық пен әлеуметтік кедергілерден еркін және тиімді оқыту ортасымен қамтамасыз ету.
  • 2020 жылға қарай бүкіл әлемде дамушы елдерге, әсіресе ең нашар дамыған елдерге, аралдық шағын дамушы мемлекеттеріне және Африка елдеріне жоғары білім алу үшін, соның ішінде, кәсіптік-техникалық білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, дамыған елдерде және басқа да дамушы елдерде техникалық, инженерлік және ғылыми бағдарламалар мәселелері бойынша оқыту үшін берілетін стипендиялар санын едәуір ұлғайту.
  • 2030 жылға қарай білікті мұғалімдердің санын, оның ішінде дамушы елдерде, әсіресе неғұрлым нашар дамыған елдерде және шағын аралдық дамушы мемлекеттерде мұғалімдерді даярлауда халықаралық ынтымақтастық арқылы мұғалімдер біліктілігін едәуір ұлғайту.
Соңғы жаңалықтар
16.12.2024 1218 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 797 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
05.12.2024 3573 0
Халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығы: әлемді жақсартуға үлес қосқандарды құрметтейміз!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена