Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Asyl mura «Birgemiz: Asyl mura» волонтерлері

«Birgemiz: Asyl mura» волонтерлері

17.09.2020 1479



Таяуда  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының волонтерлері апта бойы Солтүстік Қазақстан облысында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Болашақ археолог маман ретінде қазба  жұмыстарымен айналысып, білікті мамандардан тәжірибе жинады. Волонтерлер мәдени мұраның дамуына өзіңдік үлестерін қосуда. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша «Birgemiz: Asyl mura»  жалпыұлттық жобаны жүзеге асыру»  грантының аясында ұйымдастырылды.

 

Сымбат Сабибай, волонтер:

-        Birgemiz: Asyl mura»  жалпыұлттық жобасы аясында  XIV ғасырдағы  көне жәдігрелерді өз қолымызбен тазалап, оны қайта қалпына келтірдік. Музейде әйнектің сыртынан тамашалаған бір бөлек,  ал өз қолыңызбен ұстап, оны қазу барысында тапқандағы  әсер тіпті бөлек. Мен үшін мәдени мұра бағытында  волонтер болу өте  қызық. Шығыстан алғаш рет келген қыз үшін Солтүстік өңірдің тарихы ашылмаған сандық іспетті  көрінді. Әр істі ыждаһаттылықпен  істеуге талпындым. Қазба жұмысы кезінде осы салаға  деген көзқарасым өзгерді. Демек, археолог болу үшін тек қана тарихты  білу аздық етеді. Кез келген іс тәжірибе  арқылы келетінің түсіндім.

Камила Акимжан, волонтер:

-           - Кәсіп қой боксшы болу үшін күнделікті жаттығу жасау маңызды. Дәл солай сізде өзіңізді жаттықтырушы ретінде қайрап отыру керексіз. Волонтер болуымның  да себептері бар. Таң атқаннан кеш батқанға дейін үйде жатып кино көру, ән тыңдау  емес, мәдени мұраның  жаңғыруына ат салысу болып табылады. Болашақта елің сүйетін және елі сүйетін азаматша болғым келеді. Жалпы, волонтер болу үшін ең бірінші жауапкершілік, екіншіден тиянақтылық, үшіншіден білім және жан-жақтылық қажет деп санаймын. Егер де осы  бастан  пайданың артынан жүгірсек, қоғам үшін игі істер жасай алмасақ, біз қалай Ұлттық патротизмді қалыптастырамыз. Әрине, волонтер болудан пайда жоқ емес бар, ол қандай?

Ең әуелі креативті ойлайсыз. Сонымен қатар волонтер болуда бірнеше бағыттар бар: этноволонтер, эковолонтер, медиа волонтер. Соның ішінде кез келген бағытты таңдап, өзіңді аталмыш бағытта шыңдауыңызға болады. Маған этноволонтер бағыты ұнайды. Әрі этноволонтер болу мен үшін артық жұмыс емес, керісінше хобби. Осы таңға дейін «Плогинг», «Алжирдегі реставрация жұмыстары», «Кітап көрмесі», «Волонтерлер форумы» сынды бірнеше жобаларға қатыстып, тәжірибе жинадым. Көпшілік алдында өзімді еркін ұстап, шешендік өнерімді  дамыттым.   

 


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
25.12.2024 164 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 269 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
24.12.2024 255 0
Орталық Азиядағы өзгерістердің кілті – волонтерлік!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена