Birgemiz: áreket ýaqyty
РУ
QZ EN
Стать волонтером
Главная Направления Birgemiz: Asyl mura «Birgemiz: Asyl mura» волонтерлері

«Birgemiz: Asyl mura» волонтерлері

17.09.2020 1478


Таяуда  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының волонтерлері апта бойы Солтүстік Қазақстан облысында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Болашақ археолог маман ретінде қазба  жұмыстарымен айналысып, білікті мамандардан тәжірибе жинады. Волонтерлер мәдени мұраның дамуына өзіңдік үлестерін қосуда. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша «Birgemiz: Asyl mura»  жалпыұлттық жобаны жүзеге асыру»  грантының аясында ұйымдастырылды.

 


Сымбат Сабибай, волонтер:

-        Birgemiz: Asyl mura»  жалпыұлттық жобасы аясында  XIV ғасырдағы  көне жәдігрелерді өз қолымызбен тазалап, оны қайта қалпына келтірдік. Музейде әйнектің сыртынан тамашалаған бір бөлек,  ал өз қолыңызбен ұстап, оны қазу барысында тапқандағы  әсер тіпті бөлек. Мен үшін мәдени мұра бағытында  волонтер болу өте  қызық. Шығыстан алғаш рет келген қыз үшін Солтүстік өңірдің тарихы ашылмаған сандық іспетті  көрінді. Әр істі ыждаһаттылықпен  істеуге талпындым. Қазба жұмысы кезінде осы салаға  деген көзқарасым өзгерді. Демек, археолог болу үшін тек қана тарихты  білу аздық етеді. Кез келген іс тәжірибе  арқылы келетінің түсіндім.

Камила Акимжан, волонтер:

-          Кәсіп қой боксшы болу үшін күнделікті жаттығу жасау маңызды. Дәл солай сізде өзіңізді жаттықтырушы ретінде қайрап отыру керексіз. Волонтер болуымның  да себептері бар. Таң атқаннан кеш батқанға дейін үйде жатып кино көру, ән тыңдау  емес, мәдени мұраның  жаңғыруына ат салысу болып табылады. Болашақта елің сүйетін және елі сүйетін азаматша болғым келеді. Жалпы, волонтер болу үшін ең бірінші жауапкершілік, екіншіден тиянақтылық, үшіншіден білім және жан-жақтылық қажет деп санаймын. Егер де осы  бастан  пайданың артынан жүгірсек, қоғам үшін игі істер жасай алмасақ, біз қалай Ұлттық патротизмді қалыптастырамыз. Әрине, волонтер болудан пайда жоқ емес бар, ол қандай?

Ең әуелі креативті ойлайсыз. Сонымен қатар волонтер болуда бірнеше бағыттар бар: этноволонтер, эковолонтер, медиа волонтер. Соның ішінде кез келген бағытты таңдап, өзіңді аталмыш бағытта шыңдауыңызға болады. Маған этноволонтер бағыты ұнайды. Әрі этноволонтер болу мен үшін артық жұмыс емес, керісінше хобби. Осы таңға дейін «Плогинг», «Алжирдегі реставрация жұмыстары», «Кітап көрмесі», «Волонтерлер форумы» сынды бірнеше жобаларға қатыстып, тәжірибе жинадым. Көпшілік алдында өзімді еркін ұстап, шешендік өнерімді  дамыттым.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Последние новости
25.12.2024 143 0
Уважаемые волонтеры!
Читать подробнее
24.12.2024 248 0
Когда доброты недостаточно: трансформация волонтерства в СНГ
Читать подробнее
24.12.2024 233 0
Волонтерство как ключ к изменениям в Центральной Азии!
Читать подробнее
Читайте нас в социальных сетях
Будьте в курсе всех событий
Спасибо! ваша заявка отправлена