Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жұмыспен қамту жол картасы: астаналық волонтерлер тұрғындарға бағдарламаның артықшылықтарын түсіндірді

Жұмыспен қамту жол картасы: астаналық волонтерлер тұрғындарға бағдарламаның артықшылықтарын түсіндірді

24.05.2020 1893 0

НҰР-СҰЛТАН. КАЗИНФОРМ - Қалалық штабтың волонтерлері бірқатар ірі сауда орталықтары мен халық көп жиналатын орындарда болды. Мақсаттары — «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-2021» бағдарламасының артықшылықтары туралы тұрғындарға түсіндіру, деп Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып, МИА «Казинформ» хабарлайды.

«Бүгін біз көптеген адамдармен кездесіп, олармен сөйлесе алдық. Шынында да, көптеген жұмыссыз адамдар жұмыс табуға мүмкіндік беретін және лайықты жалақы алатын бағдарламаның барын білмейді. Біз әрбір келген адамға көмектесуге дайынбыз. Бұл бір реттік акция емес, мұндай үгіт-насихат тұрақты негізде жүргізілетін болады», – деп волонтер Бахтияр Есентаев айтты. Хабарланғандай, елордада «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған.


Қазіргі уақытта қалалық жұмыспен қамту орталығы келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді: орталық қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеп алады және оларды жұмыс берушілермен сұхбаттасуға бағыттайды.


Бүгінгі күнде карта аясында жалақы 85 мыңнан басталады және одан жоғары болады. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтылғандар саны 1,5 мың адам; келесідей жобаларды жаңғырту бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көзделуде: әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру.


Дерек көзі: https://www.inform.kz/ru/dkz-stolichnye-volontery-raz-yasnyayut-gorozhanam-preimuschestva-programmy_a3652924

Соңғы жаңалықтар
17.06.2026 1928 0
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
12.06.2026 2118 0
Волонтерлік арқылы soft skills дамыту: болашақты өзгертетін дағдылар
Толығырақ
08.06.2026 1605 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн-тренингтің нәтижелері жарияланды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена