Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлердің елге көмегі

Волонтерлердің елге көмегі

18.07.2020 1677 0

Қызылорда қаласындағы емдеу мекемелеріне оттегі баллондарын жеткізу жолға қойылып, бұл іске кәсіпкерлер, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері үлес қосып отыр.

Бір жұтым ауаға зәру болып жатқан жандарға «Абзал и К» шаруа қожалығының басшысы Мағжан Ерәлиев 700 баллон алып берген. Дәл осындай көлемдегі көмек облыстық мәслихат депутаты Расул Есеновтен, «Ақтөбе и К» ЖШС директоры Нұрлан Іздібаевтан да келіп түсіпті. «Абай-Дәулет» шаруашылығының жетекшісі Мұрат Сәрсенбаев 300, жеке кәсіпкер Нұржан Байжігітов 50 оттегі баллонын берген. Іскер азаматтар мен қоғамдық ұйымдардан жиналған көмекті Асхат Байдәулетов басқаратын «Ел Арай» қоғамдық бірлестігі тегін тасымалдап жатыр. Қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов бұл іске қоғам белсенділерінің, волонтерлердің  көп үлес қосып отырғанын айтады. Волонтерлер оттегі баллондарымен бірге дәрі-дәрмек жеткізуді де ұйымдастырып, қиналғандарға қол ұшын созуда.

– Осы уақытқа дейін бір емдеу мекемесінің сұранысы 25-30 баллоннан аспайтын. Қазір қалалық аурухананың өзі бір күнде 160-170 баллонға тапсырыс береді. Әрине қазір пайда ойлайтын уақыт емес, емханалар мен ауруханаларға барынша арзан бағада қызмет көрсетіп отырмыз, – дейді «Шыңғыс ЛТД» ЖШС басшысы Ерік Жүнісов.

Тұрғындар тарапынан шақырту­лардың күрт көбеюіне байланысты 29 маусымнан бастап облыс орталығындағы емханалар қала әкімдігі балансындағы 23 қызметтік көлікті пайдалана бастады. Мамандар осы көліктермен 1 500-ден астам шақыртуға барып, жұртқа дәрігерлік көмек көрсеткен. Қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы және дербес бөлім басшылары шаһар аумағындағы барлық ауруханалар мен емханаларға жауапты болып бекітілді.

Дерек көз: https://egemen.kz/article/242452-eriktilerdinh-elge-komegi

 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2075 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2538 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3226 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена