Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлік -патриотизмнің жоғары көрінісі

Волонтерлік -патриотизмнің жоғары көрінісі

29.09.2022 2119 0

Осы айда біз Батыс Қазақстан облысының волонтерлер фронт-офисінің жұмысымен танысамыз.

Батыс Қазақстан облысының волонтерлер фронт-офисіне Курамысова Назерке Дидарқызы жетекшілік етеді. Назерке сонымен қатар БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы және «Ақжайық жастары» волонтерлік корпусының жетекшісі болып табылады.  «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Мектеп кезінен волонтерлік қызметпен айналысып, қазіргі таңда осындай лауазым иесі атанып отыр.

Батыс Қазақстан облысының волонтерлер фронт-офисі барлық елдегі фронт-офистермен қатар құрылып, өңірдегі волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау бағытында жұмыс істейді.

Аймақтық фронт-офис ақпараты бойынша облыс жастары event – волонтерлік бағытын көптеп таңдайды екен. Волонтерлікке қызметке тартылған  волонтерлердің көбісі 14 және 30 жас арасында.

Назерке соңғы өткен іс-шаралар жөнінде:

«Ең ірі іс-шарамыз – «Ақжайық жастары» волонтерлерін қабылдау кеші болды. Мақсаты – жаңадан қосылған волонтерлерді ресми түрде қатарға қабылдау. Оларға арнайы кеш ұйымдастыру.

Сипаттамасы – арнайы дресс – кодпен волонтерлерге концерттік бағдарламадағы кеш даярланды. Түрлі сала және ұйым мамандары шақырылып, ойындар өткізіледі. Шара барысындар лоторея және үздіктерді марапаттау өткізілді.

Сонымен қатар Ата заң күніне орай «Ата заңым – Айбыным» атты волонтерлер арасындағы пікір сайыс ойындары өтті».

Фронт-офистің дәстүрлері туралы:                                       

«Жаңадан келген волонтерлердің қызығушылықтары және хоббилерімен танысу мақсатында алғашқы жиналыста өнерімен және қызығушылығынмен танысу».

Волонтерліктің маңыздылығы жөнінде:

«Волонтерлік -патриотизмнің жоғары көрінісі. Еліне және халқына деген сүйіспеншілік».

Аймақтағы волонтерлік мүмкіндіктері мәселелері бойынша фронт-офиспен байланысу үшін, волонтерлік бастамашыл топтардың немесе ұйымдардың кеңес алу мәселелері бойынша келесі сілтемелермен өтіп байланыса аласыз:

@aqjaiyqjastary @ritm_aqjaiyqjastary

Авторы: Александра Крашинина @alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3362 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3155 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2617 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена