Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматылық азамат сынған техникаларды жөндеп, мұқтаж отбасыларға тегін таратып жүр

Алматылық азамат сынған техникаларды жөндеп, мұқтаж отбасыларға тегін таратып жүр

06.08.2020 1005 0

Қазіргідей қиыншылық кезеңде қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп жүрген азаматтар аз емес, хабарлайды «Хабар 24». Солардың бірі – Равиль Насифулин. IT саласын жетік меңгерген маман сынған техникаларды жөндеп, оларды көп балалы отбасыларға тегін таратып жүр.

Бүгін Равиль Алматыда тағы бір жалғыз басты ананың алғысын алды. Бес баланы бағып-қағып отырған Айша Бесенбаеваның отбасында бүгін кішігірім мереке. Әсіресе, 9-сынып оқушысы Жалғасбектің қуанышында шек жоқ. Өйткені санаулы күндерден кейін сабақ басталады. Ал, бұл үйде Жалғасбектен бөлек екі қарындасы да мектепке барады. «Үшеуміз бір телефонға телміретін едік. Енді компьютермен алаңсыз сабақ оқитын болдық», - дейді. Жалғасбек Мұқашев, 9-сынып оқушысы: - Компьютерден көп нәрселерді үйренемін. Білім алуға тырысамын. Үлкен рахмет сіздерге. Компьютер арқылы Zoom қосымшасымен бір-бірімізді көрісу арқылы оқимыз. Мұғалімдермен байланыста боламыз. Өзімнің сабағым біткен соң оларға көмектесуге кірісемін. Бір-бірімізге қараймыз осылай.

Айша Бесенбаева, көп балалы ана: - Былтыр оқу жылында басында қиындықтар болды. Онлайн болмады. Соткаларымыз істемей қалып, 3 бала оқиды менде. Міне, бүгін ойламаған жерден компьютер келіп, қуанып жатырмыз. Осы балалардың келешегі жақсы болса екен деп ойлаймыз. Осы балама үміттеніп отырмын ғой енді, жақсы болып кетеді деп. Сол кісілерге көп-көп алғысым шексіз. Рахмет оларға. Осы отбасының алғысын алған Равиль Насифулин қайырымдылық шарасымен айналысуды үш жыл бұрын бастаған екен. «Алдымен туған-туыстардың ықыласына бөлендім. Кейін қайырымдылық қорын ашып, жағдайы қиын отбасыларға тарата бастадым. Егер мен біреуді қуанта алсам, сол сәтте керемет күйге бөленемін», -  дейді қайырымды жан.

Равиль Насифулин, қайырымдылық қорының төрағасы: - Ізгілікті іс жасаған соң ешкімге жария жасағым келген жоқ. Бірақ ел арасында жағдайы төмен отбасылардың көп екеніне көзім жетті. Оларға барлық жағынан көмек керек. Сондықтан мен сияқты қолынан әртүрлі іс келетін азаматтарға немесе қалталы кәсіпкерлерге ой салғым келді. Дәл қазіргідей қиын уақытта онсыз да қиналып отырған адамдарға көмектесейік, солардың алғысын алайық деген мақсатпен бүгін сіздермен жүздесіп отырмын. Равиль үш жылдың ішінде 400-ден аса түрлі техникаларды жөндеп, тек Алматы ғана емес, еліміздің бірнеше қаласына, жағдайы төмен отбасыларға жеткізіп берген. Осындай қайырымды жандар көбірек болса, Айша секілді аналарымыз қиналмас еді.


Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/413972-h-ndep-m-tazh-otbasylar-a-tegin-taratyp-zh-r 

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4138 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1278 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 880 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена