Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда «Мектепке жол» науқаны жалғасып келеді

Көкшетауда «Мектепке жол» науқаны жалғасып келеді

18.09.2020 1192 0

Көкшетау қаласындағы «Мектепке жол» акциясы жылдан жылға өткізіліп келеді. Балаларын мектепке дайындауда көмекке мұқтаж отбасыларға ерекше назар аударылады. Қайырымдылық акциясы аясында әркім мектеп оқушыларын жинау және жаңа оқу жылына дайындау үшін қолдан келген көмектерін көрсете алады, сондықтан волонтерлік қозғалыстар мен орталықтар шет қалмай, біздің қаланың балаларына ғана емес, сонымен қатар Макинск қаласына да көмектесті.

40-тан астам баланы кеңсе заттарымен, рюкзактармен, киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіп, қалалық волонтерлер орталықтары - «Жақсылық жаса Көкшетау», «Феникс», «Аманат», Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Ювеналды полиция департаментінің волонтерлері әлеуметтік бастамалар мен мейірімділіктерді көрсетті.

Жылдан жылға көмек көрсетуге ниет білдірушілердің саны артып келе жатқаны қуантады. Кез-келген тұрғын немесе ұйым, егер қаласаңыз, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан баланы немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке даярлауға барлық көмек көрсете алады - деп хабарлайды Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы.


Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1975 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2705 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2010 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена