Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды

Қазақстанда волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды

27.05.2020 1334 0

Қоршаған ортаны аялайық. Бұл – «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасының басты мақсаты. Ол волонтер жылы аясында іске асырылып жатыр деп хабарлайды

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі. «Жобаны іске асыруға 55 миллион 693 мың теңге қаржы бөлінген. Оның мақсаты – азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту саласында волонтерлер қызметіне тарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету, экологиялық волонтерлер қозғалысымен өзара әрекеттесу», - делінген баспасөз хабарламасында.

Жобаның арқасында ел қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастамаларды жүзеге асыруға азаматтардың қатысуын кеңейтуге ниетті; -1000-ға жуық азамат пен волонтерлерді тарту және оқыту;қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына қатысатын ерікті ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың қызметін жандандыру; жастар арасында эко-волонтерлікті кеңінен насихаттау. «Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету мақсатында 3 облыста мүдделі ұйымдармен, түрлі эко-қозғалыстармен ынтымақтастық туралы меморандум жобасы әзірленді. Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының жастар ресурстық орталықтарында волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды», - дейді ұйым өкілдері.

Сондай-ақ жоба аясында азаматтардың экологиялық сауатын арттыру мақсатында «Жер күні» халықаралық мерекесінің 50 жылдығына арналған онлайн акция өткізілді. Акция барысында түрлі онлайн вебинарлар, шеберлік сабақтары, викториналар, ұтыс ойындары және экоквест болып өтті.  

Фото: zakon.kz

Дерек көзі: https://kazakh-tv.kz/kz/view/society/page_213020_tsentry-podderzhki-volonterov-sozdany-v-kazakhstane


Соңғы жаңалықтар
26.04.2024 733 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2740 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1262 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена