Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Астанада волонтерлік және әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда жариялау бойынша семинар өтті!

Астанада волонтерлік және әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда жариялау бойынша семинар өтті!

21.11.2024 2778 0

21 қараша күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ бірлесіп, әлеуметтік тақырыптармен жұмыс істейтін медиа өкілдерінің кәсібилігін арттыруға бағытталған семинар өткізді.

✅ Семинардың негізгі бағыты волонтерлік бастамаларды жариялаудың заманауи тәсілдерін зерттеуге және сезімтал ақпаратпен жұмыс істегенде этикалық нормаларды сақтауға арналды.

👥 Іс-шараға тек БАҚ өкілдері ғана емес, сонымен қатар медиа-волонтерлер де қатысты, бұл диалогты одан әрі жандандырып, мазмұнды етті. Семинар қазақ және орыс тілдерінде өткендіктен, қатысушылардың санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Бағдарлама аясында:

🌟 Волонтерлік және қайырымдылық қызметті қалай жариялау керек;

🌟 Әлеуметтік тұрғыда сезімтал тақырыптармен жұмыс істеудің этикалық қырлары;

🌟 Әлеуметтік жобаларға қатысушылармен өзара іс-қимыл жасауға арналған практикалық ұсыныстар талқыланды.

💡 Қатысушылар пайдалы кеңестері бар жадынамалар мен семинарға қатысқанын растайтын сертификаттар алды.

Барлық қатысушыларға белсенділігі, қызықты сұрақтары және волонтерлік пен әлеуметтік жобаларды дамытуға дайындықтары үшін алғысымызды білдіреміз 🙌🏻

Дереккөзі:https://t.me/qazvolunteer

#Birgemiz: areket yaqyty #VolonterlerÝaqyty #QazVolunteer #ВолонтерБолуОңай #ҰлттықВолонтерлікЖелі #БудьЯрчесНВС #НВС #НациональнаяВолонтерскаяСеть #BirgemizВремяДействовать #Volunteer #волонтер #волонтерство #доброволец #ерікті #qogamgov

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3375 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3181 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена