Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Астанада волонтерлік және әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда жариялау бойынша семинар өтті!

Астанада волонтерлік және әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда жариялау бойынша семинар өтті!

21.11.2024 2780 0

21 қараша күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ бірлесіп, әлеуметтік тақырыптармен жұмыс істейтін медиа өкілдерінің кәсібилігін арттыруға бағытталған семинар өткізді.

✅ Семинардың негізгі бағыты волонтерлік бастамаларды жариялаудың заманауи тәсілдерін зерттеуге және сезімтал ақпаратпен жұмыс істегенде этикалық нормаларды сақтауға арналды.

👥 Іс-шараға тек БАҚ өкілдері ғана емес, сонымен қатар медиа-волонтерлер де қатысты, бұл диалогты одан әрі жандандырып, мазмұнды етті. Семинар қазақ және орыс тілдерінде өткендіктен, қатысушылардың санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Бағдарлама аясында:

🌟 Волонтерлік және қайырымдылық қызметті қалай жариялау керек;

🌟 Әлеуметтік тұрғыда сезімтал тақырыптармен жұмыс істеудің этикалық қырлары;

🌟 Әлеуметтік жобаларға қатысушылармен өзара іс-қимыл жасауға арналған практикалық ұсыныстар талқыланды.

💡 Қатысушылар пайдалы кеңестері бар жадынамалар мен семинарға қатысқанын растайтын сертификаттар алды.

Барлық қатысушыларға белсенділігі, қызықты сұрақтары және волонтерлік пен әлеуметтік жобаларды дамытуға дайындықтары үшін алғысымызды білдіреміз 🙌🏻

Дереккөзі:https://t.me/qazvolunteer

#Birgemiz: areket yaqyty #VolonterlerÝaqyty #QazVolunteer #ВолонтерБолуОңай #ҰлттықВолонтерлікЖелі #БудьЯрчесНВС #НВС #НациональнаяВолонтерскаяСеть #BirgemizВремяДействовать #Volunteer #волонтер #волонтерство #доброволец #ерікті #qogamgov

Last news
29.09.2026 3375 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Read more
26.09.2026 3181 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Read more
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена