Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Оралда волонтерлер автобустың жүргізушілер мен жолаушыларға тегін маска үлестірді

Оралда волонтерлер автобустың жүргізушілер мен жолаушыларға тегін маска үлестірді

21.03.2020 1621 0

            Өңірімізде бастау алған «Ақжайық шеберлер қаласы» жобасы шеңберінде бүгін жергілікті шеберлер қаладағы №5 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасында жүргізушілер мен жолаушыларға тегін маска үлестірді.

   Бұл жолы БҚО волонтерларын қолдау орталығы «Біз біргеміз» акциясы аясында жеке кәсіпкер Жарқынай Еселбаеваның бастамасымен игі істі  қолға алыпты. Волонтерларды қолдау орталығының және «Ақжайық шеберлер қаласы» жобасының жетекшісі Айболат Құрымбаевтың айтуынша, Еріктілер жылы шеңберіндегі бұл акция әрі қарай да жалғасын табады. – Әрине, біздің ресурстарымыз шектеулі. Егер мата сататын кәсіпкерлер қолдайтын болса, масканы тегін тігуге әзірміз. Бүгін міне, тегін 100 масканы қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларға таратудамыз, – дейді ол.

    

Аталмыш жоба мүшесі, «Рахмет» жеке кәсіпкерлігінің иесі Жарқынай Еселбаева бұған дейін де тың идеяларымен танымал жан.

– Менің командамда Қазақстанның әр қаласынан 100-ге жуық шебер бар. Қоғамда орын алған келеңсіз жағдайға байланысты маска тапшылығы орын алуда. Осыған орай шеберлер бір ауыздан келісіп, тегін маска таратуды қолға алдық. Мақсатымыз – ел тыныштығы, халықтың саулығы. Бір маскамыз – бір адамның өмірін сақтап қалса игі. Бұл жобаны өзге қалалардағы шеберлерге жолдаймын. Күніне шамамен 50 маска тігемін. Тапсырыстар түсіп жатыр, бірақ әзірге тегін таратамыз. Үйде отырған өзім секілді көпбалалы аналарды әр адамның қолынан келетін осындай пайдалы  іспен айналысуға шақырамын. Жақсылық жасап жарысайық, – дейді Жарқынай Рахметқызы.

Соңғы аялдамаға аялдаған автобус жүргізушілері мен кондукторлар қоғамдық көліктерді залалсыздандырып, сақтық шараларын жасауда. Жүргізуші Роман Керцманның айтуынша, дүйсенбіден бері қоғамдық көлікке мінетіндердің нөпірі күрт азайған. – Әр айналым сайын автобусты хлорлап, сақтық шараларын қатаң сақтаудамыз,. Әр адамның денсаулығы маңызды, – дейді ол.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Дерек көзі:http://zhaikuni.kz/zha-syly-zhasap-zharysajy/

Соңғы жаңалықтар
30.01.2025 461 0
«Игі істі бөліс» республикалық флешмобына қосылыңыз!
Толығырақ
29.01.2025 2145 0
Қазақстандағы волонтерлік сандармен: 2024 жыл
Толығырақ
28.01.2025 572 0
Корпоративтік волонтерлік бойынша жеке кеңестер!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена