Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News

21.03.2020 1886 0

    Өңірімізде бастау алған «Ақжайық шеберлер қаласы» жобасы шеңберінде бүгін жергілікті шеберлер қаладағы №5 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасында жүргізушілер мен жолаушыларға тегін маска үлестірді.

   Бұл жолы БҚО волонтерларын қолдау орталығы «Біз біргеміз» акциясы аясында жеке кәсіпкер Жарқынай Еселбаеваның бастамасымен игі істі  қолға алыпты. Волонтерларды қолдау орталығының және «Ақжайық шеберлер қаласы» жобасының жетекшісі Айболат Құрымбаевтың айтуынша, Еріктілер жылы шеңберіндегі бұл акция әрі қарай да жалғасын табады. – Әрине, біздің ресурстарымыз шектеулі. Егер мата сататын кәсіпкерлер қолдайтын болса, масканы тегін тігуге әзірміз. Бүгін міне, тегін 100 масканы қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларға таратудамыз, – дейді ол.

    

Аталмыш жоба мүшесі, «Рахмет» жеке кәсіпкерлігінің иесі Жарқынай Еселбаева бұған дейін де тың идеяларымен танымал жан.

– Менің командамда Қазақстанның әр қаласынан 100-ге жуық шебер бар. Қоғамда орын алған келеңсіз жағдайға байланысты маска тапшылығы орын алуда. Осыған орай шеберлер бір ауыздан келісіп, тегін маска таратуды қолға алдық. Мақсатымыз – ел тыныштығы, халықтың саулығы. Бір маскамыз – бір адамның өмірін сақтап қалса игі. Бұл жобаны өзге қалалардағы шеберлерге жолдаймын. Күніне шамамен 50 маска тігемін. Тапсырыстар түсіп жатыр, бірақ әзірге тегін таратамыз. Үйде отырған өзім секілді көпбалалы аналарды әр адамның қолынан келетін осындай пайдалы  іспен айналысуға шақырамын. Жақсылық жасап жарысайық, – дейді Жарқынай Рахметқызы.

Соңғы аялдамаға аялдаған автобус жүргізушілері мен кондукторлар қоғамдық көліктерді залалсыздандырып, сақтық шараларын жасауда. Жүргізуші Роман Керцманның айтуынша, дүйсенбіден бері қоғамдық көлікке мінетіндердің нөпірі күрт азайған. – Әр айналым сайын автобусты хлорлап, сақтық шараларын қатаң сақтаудамыз,. Әр адамның денсаулығы маңызды, – дейді ол.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Дерек көзі:http://zhaikuni.kz/zha-syly-zhasap-zharysajy/

Last news
08.12.2025 137 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Read more
06.12.2025 126 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Read more
05.12.2025 167 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена