Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақпарат және қоғамдық даму министрі волонтерлік жайында

Ақпарат және қоғамдық даму министрі волонтерлік жайында

29.06.2020 1612 0

"Волонтерлік қозғалысын дамытуға, әсіресе пандемия кезінде Мемлекет басшысының ағымдағы жылды - Волонтер жылы деп жариялау жөніндегі бастамасы үлкен серпін берді. "Birgemiz" республикалық фронт-офисінің қолдауымен волонтерлік штабтар құрылып, "Ыстық желілер" ашылды, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсететін 40 мыңға жуық волонтерлер жұмылдырылды. Нәтижесінде, төтенше жағдай кезінде елімізде қиын жағдайға тап болған 1 миллионға жуық азаматқа көмек көрсетілді. Олар соғыс және еңбек ардагерлері, жалғыз басты қарттар, көп балалы, аз қамтылған отбасылар", - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халықпен онлайн-есеп беру кездесуін қорытындылау барысында.

"Қазіргі уақытта ҮЕҰ - мен бірлесіп, тиісті заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның аясында адамдарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыру үшін тәжірибелік тетіктер енгізіледі", - деп толықтырды А.Балаева.

ОКҚ Facebook, YouTube-тегі ресми беттерінде және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми бетінде толық жазбаны көруге болады.


Соңғы жаңалықтар
07.09.2026 470 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2265 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2702 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена