Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ұлттық волонтерлік желі мен "Birgemiz" волонтерлер республикалық фронт-офисі коронавирустық инфекцияның таралуымен күрес бойынша онлайн-кездесу барысында Мемлекет басшысының ұстанымын қолдайды

Ұлттық волонтерлік желі мен "Birgemiz" волонтерлер республикалық фронт-офисі коронавирустық инфекцияның таралуымен күрес бойынша онлайн-кездесу барысында Мемлекет басшысының ұстанымын қолдайды

04.07.2020 1648 0

Ұлттық волонтерлік желі мен "Birgemiz" волонтерлер республикалық фронт-офисі коронавирустық инфекцияның таралуымен күрес бойынша онлайн-кездесу барысында Мемлекет басшысының ұстанымын қолдайды.

16 наурыздан 11 мамырға дейін Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде волонтерлер коронавирустық инфекциямен күрес майданының "озық желісінде" медицина қызметкерлеріне белсенді түрде көмек көрсетіп, аса мұқтаж, қиын өмірлік жағдайға тап болғандар үшін, қауіп аймағындағы адамдар үшін бірінші қажетті тауарлардың жиынтығын сұрыптап және үйлеріне дейін апарып берді.

Қазақстанда 11 мамырдан кейін COVID-19 жұқтырудың өсу динамикасы 7 есе өскені құпия емес және бұл волонтерлердің вирусты жұқтыру қаупін тікелей арттырады. Волонтерлер қауіпсіздігі бәрінен жоғары. Волонтерлердің де егде жастағы туыстары, балалары мен отбасылары бар екенін түсіну маңызды.  Осыған қарамастан, волонтерлер төтенше жағдай режиміне қарағанда аз көлемде, бірақ сондай күш-жігермен және адамзаттың вирусты жылдам жеңуге деген үмітімен көмек көрсетуде.

Мысалы, жақында волонтерлер Ұлттық сараптау орталығына ПЦР тестілеу бойынша ақпаратты өңдеуге және деректерді қағаз нұсқасынан электронды нұсқаға көшіруге көмектесті.

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3729 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3573 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2969 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена