Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары

Шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары

22.08.2025 1030 0

Ұлттық волонтерлік желі Қазақстандағы волонтерліктің үш басым бағыты бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындыларын шығарды. Конкурстар азаматтық белсенділікті дамытуға, волонтерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды қолдауды мақсат етеді.

 

«Зооволонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа 52 өтінім түсті. Техникалық сараптама қорытындысы бойынша 25 өтінім талаптарға сәйкес деп танылып, сарапшылар комиссиясының бағалауына жіберілді. Толық тізім «Kazakhstan for Animals» жобасының жетекшісінің хаттамасында жарияланған (төменде қараңыз).

 

«Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа 44 өтінім келіп түсті. Техникалық сараптама нәтижелері бойынша 19 өтінім іріктеуден өтіп, сарапшылар комиссиясының бағалауына жолданды. Өтінім берушілердің толық тізімі көрсетілген хаттама жобаның жетекшісімен бекітіліп, төменде ұсынылған.

 

«Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа барлығы 83 өтінім берілді, олардың ішінде 34 өтінімд белгіленген талаптарға сәйкес деп танылып, сарапшылардың бағалауына жіберілді. Тиісті хаттама жобаның жетекшісімен бекітіліп, осы жарияланымда қолжетімді.

 

Осылайша, барлық үш конкурс келесі кезеңге – сарапшылар комиссиясының бағалауына өтті. Комиссия жұмысының нәтижесінде 22 тамызда жеңімпаздар анықталып, олардың жобалары шағын гранттар конкурсы аясында қолдау табады.

 

Әр бағыт бойынша хаттамалар мәтінімен сілтеме бойынша таныса аласыз: https://drive.google.com/drive/folders/1o5loauwBeEwvXj84aIoiV6IpMl9dnlMd?usp=drive_link

Ұлттық волонтерлік желісі ЗТБ

 

 

Соңғы жаңалықтар
22.07.2026 3021 0
Қазақстанның үкіметтік емес волонтерлік ұйымдарының деректерін жаңарту жүргізілуде
Толығырақ
17.07.2026 1820 0
Ұлттық волонтерлік желіде Шанхай қаласының Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен кездесу өтті
Толығырақ
15.07.2026 2086 0
СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена