Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары

Шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары

22.08.2025 1019 0

Ұлттық волонтерлік желі Қазақстандағы волонтерліктің үш басым бағыты бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындыларын шығарды. Конкурстар азаматтық белсенділікті дамытуға, волонтерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды қолдауды мақсат етеді.

 

«Зооволонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа 52 өтінім түсті. Техникалық сараптама қорытындысы бойынша 25 өтінім талаптарға сәйкес деп танылып, сарапшылар комиссиясының бағалауына жіберілді. Толық тізім «Kazakhstan for Animals» жобасының жетекшісінің хаттамасында жарияланған (төменде қараңыз).

 

«Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа 44 өтінім келіп түсті. Техникалық сараптама нәтижелері бойынша 19 өтінім іріктеуден өтіп, сарапшылар комиссиясының бағалауына жолданды. Өтінім берушілердің толық тізімі көрсетілген хаттама жобаның жетекшісімен бекітіліп, төменде ұсынылған.

 

«Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа барлығы 83 өтінім берілді, олардың ішінде 34 өтінімд белгіленген талаптарға сәйкес деп танылып, сарапшылардың бағалауына жіберілді. Тиісті хаттама жобаның жетекшісімен бекітіліп, осы жарияланымда қолжетімді.

 

Осылайша, барлық үш конкурс келесі кезеңге – сарапшылар комиссиясының бағалауына өтті. Комиссия жұмысының нәтижесінде 22 тамызда жеңімпаздар анықталып, олардың жобалары шағын гранттар конкурсы аясында қолдау табады.

 

Әр бағыт бойынша хаттамалар мәтінімен сілтеме бойынша таныса аласызhttps://drive.google.com/drive/folders/1o5loauwBeEwvXj84aIoiV6IpMl9dnlMd?usp=drive_link

Ұлттық волонтерлік желісі ЗТБ

Last news
29.06.2026 2048 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Read more
25.06.2026 2773 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Read more
24.06.2026 2068 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена