Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Астаналық волонтерлерден ыстық тағам

Астаналық волонтерлерден ыстық тағам

17.01.2022 1071 0

«Агротехникалық университеттің студенттері Волонтерлерлік фронт-офиске көмек сұрап жүгінді. Оған себеп - жатақханаларда күндізгі және сырттай бөлім студенттері қалған болатын. Барлығы да үйлеріне орала алмады және олардың орналасуы қамтамасыз етілді. Олардың арасында оралмандар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер көп. Біз бірден осы мәселеге назар аударып, студенттерге ыстық тамақ пен азық-түлік алып келдік. Келесі аптада тағы да барамыз», - дейді @oo_qanat волонтерлер қозғалысының үйлестірушілері Чотоякова Меруерт пен Әшірова Бибігүл.

«Бізде кейтерингпен айналысатын Аджиосманова Феруза 

 @safinacatering есімді серіктесіміз бар. Ол бірден көмектесуге ниет білдірді. Оның ас үйінде ыстық тамақ дайындалуда, оны біз жатақханаға және 6 блок постқа жеткіземіз. Сарбаздар мен полицейлер бізді күтетін болды, біз оны негізінен кешкі уақытта алып келеміз. Ал күндіз @istoki_dobra_nursultan волонтерлері ыстық түскі ас әкелетін болды - біз оған бірден келістік.

@Kz_nvs, @dobro_qz волонтерлері, сондай-ақ, меценат Жанайдар Көмекбаев @zhanikast сынды жанашырларға, қосымша қаржылық көмек және азық-түлік сатып алуға көмек көрсеткен волонтерлік ұйымдарға алғыс айтқымыз келеді».

Ыстық түскі аспен қамтамасыз ету жұмыстары елордадағы ТЖ режимі аяқталғанға дейін жалғасады деп жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар
20.04.2026 111 0
Орталық Азиядағы волонтерліктің жаңа рөлі: көмектесу уақыты
Толығырақ
17.04.2026 208 0
«Игі істер марафоны» жобасы 20 сәуір күні қайта басталады!
Толығырақ
13.04.2026 175 0
Aman! 1 000 000 теңгеге дейін грант ұтып ал да, идеяңды жүзеге асыр!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена