Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ертіс өңірінде 300-ден астам волонтер дәрігерлерге қолдау көрсетіп жүр

Ертіс өңірінде 300-ден астам волонтер дәрігерлерге қолдау көрсетіп жүр

27.07.2020 965 0

Ертіс өңірінде провизорлық госпитальдердегі медицина қызметкерлеріне қолдау білдірген азаматтар баршылық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде алдыңғы шептегі дәрігерлерге волонтерлердің бір тобы көмек көрсетіп жүр. Еңбек демалысын осы іске арнағандардың қатарында Павлодардағы кәсіподақтар ұйымының өкілдері де бар. Қайырымды жандар 14 сағаттық ауысым бойынша науқастарды емдеуге қолғабыс жасайды.

Ақмарал Есімханова, тілші: - Ертіс өңірінде індетпен күрес жолында алдыңғы шепте үш мыңнан астам ақ желеңді тынымсыз еңбек етуде. Дәрігерлерге қолдау көрсету мақсатында 300-ден астам қатардағы азамат волонтер атанды. Олардың басым бөлігі кіші медициналық қызметкер ретінде көмек көрсетуде.

Қазіргі уақытта волонтерлердің бір тобы осы триаж-орталықта еңбектеніп жатыр. Константин Музалевский триаж-орталықтағы кезекті 14 сағаттық ауысымын аяқтады. Осы провизорлық госпитальға келіп, кіші медициналық жұмыскер атанғанына бір айдың жүзі болыпты. Ерікті індетпен күрес дәрігерлерге ғана емес, барша адамзатқа жүктелген міндет деп біледі. Сондықтан аз да болса үлесін көрсетуді жөн санапты.

Константин Музалевский, волонтeр: - Орталық ашылғанда осы жерде адам өлімі тіркелді деген ақпарат тарап кетті. Дәрігерлердің жұмысы тиісті деңгейде деген әңгімелер де тарап кетті. Дәрі-дәрмек жетіспей, азық-түлік жоқ деген қауесет те тарады. Бұның бәрі шындыққа жанаспайды. Өзім осында жүргендіктен, жағдайдың тұрақты екеніне көзім жетті. Халықты адастырмау үшін волонтер әлеуметтік желілері арқылы шынайы ақпарат таратуда.

Бүгінде еріктінің ғаламторда толыққанды аудиториясы қалыптасқан. Аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкері Гүлзира Атабаева да волонтер атанған. Бұл орталыққа келгеніне екі апта болыпты. Еңбек демалысын құрбан етіп, дәрігерлерге көмектесуді борышы деп біледі. Гүлзира наурыз айында блок-бекеттерде қызмет атқарса, қазіргі уақытта жұмысын триаж-орталықта жалғастыруда. Ол да күнделікті тірлігін әлеуметтік желілерде көрсетуде.

Гүлзира Атабаева, волонтер: - Медициналық біліміміз жоқ болғандықтан, бастапқыда не істерімізді білмедік. Кейін шұғыл дайындықтан өттік. Обаға қарсы киімді киюдің өзі қиын-ақ. Бірақ үйреніп алдық. Дәрігерлердің сенімді серігіне айналдық. Осында орталық жабылғанша боламын. Біз жеңіске жетуіміз керек. Спорт кешенінің жанынан ашылған орталық 250 орынға шақталған. Өткен ауысымда төрт науқас түскен. Қазіргі уақытта 131 азамат ем алып жатыр. Ал 13 павлодарлық сауығып шықты.


Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/411747-ertis-irinde-300-den-astam-volonter-d-rigerlerge-oldau-k-rsetip-zh-r 

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4138 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1278 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 880 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена