Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Birgemiz:umit» жобасының волонтерлері 1 мыңнан астам жоғалған азаматарды іздеуге атсалысты

«Birgemiz:umit» жобасының волонтерлері 1 мыңнан астам жоғалған азаматарды іздеуге атсалысты

08.12.2020 1002 0

Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтерлер жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Онда еліміздің барлық аймағынан қатысып отырған волонтерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Солардың бірі Арыс қаласынан волонтер Олжас Мамыр.

Ол Волонтер жылы  еріктілерге деген құрмет артып, еңбегі елене бастағанын атады.

«Арыстағы апат кезінде тұрғындарды эвакуациялап, азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етуге атсалыстық. Жақынынан көз жазып қалған қаншама жанның қайта қауышуына себеп болдық. Ең бастысы, төтенше жағдайда жылдам әрекет ету тәсілдерін үйрендік. Осы жинаған тәжірибені Мақтааралда қолдандық. Су тасқыны кезінде барлық волонтер бір орталыққа бірігіп, тізе қосып қимылдады. 16 мың тонна гуманитарлық көмек үлестірілді. Тіпті, суға кеткен адамдарды құтқарып қалған кезіміз де болды», - деді волонтер.

Бұдан кейін Олжас Мамыр пандемия кезінде дәрігерлермен, тәртіп сақшыларымен бірге жағдайды тұрақтандыруға белсене атсалысты. Бұл жұмыстардың барлығы Президент ұсынған «Birgemiz:umit» жалпыұлттық жобасының мақсатымен толық үндеседі.

«Биыл «Birgemiz:umit» жобасының волонтерлері 1 мыңнан астам жоғалған азаматарды іздеуге қатысты. Хабар – ошарсыз кеткен 50 адамды табуға көмектесті. Ұлы Отан соғысы өткен жерлерден табылған наградалар арқылы Қазақстандық 566 сарбаздың есімін анықтауға атсалысқан. Волонтерлер есірткіні жарнамалайтын 87 граффити қабырға бейнелерін жоюға қатысты», - деп хабарлады Олжас Мамыр. 

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 116 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 112 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 160 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена