Birgemiz: áreket ýaqyty
РУ
QZ EN
Стать волонтером
Главная Новости «Birgemiz:umit» жобасының волонтерлері 1 мыңнан астам жоғалған азаматарды іздеуге атсалысты

«Birgemiz:umit» жобасының волонтерлері 1 мыңнан астам жоғалған азаматарды іздеуге атсалысты

08.12.2020 1063 0

Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтерлер жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Онда еліміздің барлық аймағынан қатысып отырған волонтерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Солардың бірі Арыс қаласынан волонтер Олжас Мамыр.

Ол Волонтер жылы  еріктілерге деген құрмет артып, еңбегі елене бастағанын атады.

«Арыстағы апат кезінде тұрғындарды эвакуациялап, азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етуге атсалыстық. Жақынынан көз жазып қалған қаншама жанның қайта қауышуына себеп болдық. Ең бастысы, төтенше жағдайда жылдам әрекет ету тәсілдерін үйрендік. Осы жинаған тәжірибені Мақтааралда қолдандық. Су тасқыны кезінде барлық волонтер бір орталыққа бірігіп, тізе қосып қимылдады. 16 мың тонна гуманитарлық көмек үлестірілді. Тіпті, суға кеткен адамдарды құтқарып қалған кезіміз де болды», - деді волонтер.

Бұдан кейін Олжас Мамыр пандемия кезінде дәрігерлермен, тәртіп сақшыларымен бірге жағдайды тұрақтандыруға белсене атсалысты. Бұл жұмыстардың барлығы Президент ұсынған «Birgemiz:umit» жалпыұлттық жобасының мақсатымен толық үндеседі.

«Биыл «Birgemiz:umit» жобасының волонтерлері 1 мыңнан астам жоғалған азаматарды іздеуге қатысты. Хабар – ошарсыз кеткен 50 адамды табуға көмектесті. Ұлы Отан соғысы өткен жерлерден табылған наградалар арқылы Қазақстандық 566 сарбаздың есімін анықтауға атсалысқан. Волонтерлер есірткіні жарнамалайтын 87 граффити қабырға бейнелерін жоюға қатысты», - деп хабарлады Олжас Мамыр. 

Последние новости
31.03.2026 3 0
Волонтеры спасают черепах в Туркестанской области
Читать подробнее
30.03.2026 38 0
Оценка уровня общественного доверия к волонтерской сфере
Читать подробнее
30.03.2026 43 0
Корпоративное волонтерство КТЖ: вклад сотрудников в общество
Читать подробнее
Читайте нас в социальных сетях
Будьте в курсе всех событий
Спасибо! ваша заявка отправлена