Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақтауда қауіпті вируспен күрестегі дәрігерлерге волонтерлер көмектесуде

Ақтауда қауіпті вируспен күрестегі дәрігерлерге волонтерлер көмектесуде

22.07.2020 1103 0

Ақтаудың волонтерлерін бүгінгі күннің батырлары деуге әбден лайық. Еріктілер провизорлық стационарға айналған орталық ауруханада жүр. Ақ халаттылар науқастарды емдеумен шұғылданса, волонтерлер оларға көмек көрсетеді. Мәселен, алты қабатты ғимаратты шарлап, сырттан келген заттарды палаталарға таратады. Сырқат адамдардың жай-күйін бақылап, оттегі баллондарын ауыстыруға да қолғабыс етеді.  Мұқаш Бекенұлы бастаған алты еріктінің ауруханадағы жұмысы таңғы сағат 10-да басталады. Олардың негізгі қызметі - науқастардың жақындары жеткізген сәлемдемелерді есік алдынан қабылдап алу. Қоларбаға салып, күнұзақ палаталарға тасымалдайды. Екі аптадай үй көрмей, жатақханада тұрып жатқан жастар бастапқыда мұндағы жағдайдың қиын болғанын айтады.

Мұқаш Бекенұлы, волонтерлер корпусының жетекшісі: - 29 маусымнан бастап алатын болсақ, мұндағы жағдай салыстырмалы түрде айтсақ реттеліп қалды. Аллаға шүкір, жақсы жаңалық аз емес. Көптеген бөлімшелер босап, көптеген науқастар дертінен айығып үйлеріне кетіп, отбасыларымен қауышып жатыр. Біздің де үйіміз алаңдаулы. Үй көрмегенімізге бүгін 12-күн. Науқастармен тікелей араласуға рұқсат жоқ. Бірақ егер сұраныс болса дәрі-дәрмек, кислород концентраторы қажет болған жағдайда біз шұғыл түрде сол заттарды жеткізіп беруге тырысамыз. Орталық аурухана ғимараты 29 маусымда провизорлық стационар болып өзгерді. Мұнда 550 адамға төсек-орын жабдықталған. Науқастарға қарайтын дәрігер, мейірбикелерге жергілікті медицина колледжінің студенттері қолғабыс етеді. Ал оттегі құйылған ауыр баллонды тасымалдау басқа да көмекті ер балалардан құралған волонтерлер тобы атқарады.

Айтбибі Өтегенова, облыстық аурухананың бас мейірбикесі: - Күннің ыстығына қарамастан таңертеңнен кешке дейін жігіттер, осы азаматтар, волонтерлер көп көмек көрсетіп жатыр. Біздің уақытымызды үнемдейді. Медсестра, санитаркаларымыз науқасты қарайды. Ал олар даладан келген передачаларды алып келіп, реттеп бөлімшелерге және 3-этаждағы 40 төсектік реанимация бөліміне жеткізіп беріп жатыр. Оның арасында олар біздің қызметкерлерге де шәй әкеліп те жатады. Мен қазір осы азаматтарға өз мекемеміздің атынан көп-көп рақмет айтқым келеді. Күнделікті қызметке кіріспес алды волонтерлер дене қызуын тексертіп, қорғаныш киім киеді. Бұған дейін төрт ерікті өздерін жайсыз сезінген екен. Қазір олар үй жағдайында емделіп жатыр. Қалған алтауы провизорлық орталықта 3 тамызға дейін болады.


Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Дерек көк: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/410643-a-tauda-auipti-viruspen-k-restegi-d-rigerlerge-volonterler-k-mektesude 

Соңғы жаңалықтар
03.07.2025 120 0
Игі істер күнтізбесіндегі тағы бір ерекше күн – 6 шілде – Домбыра күні!
Толығырақ
01.07.2025 229 0
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім беру басталды
Толығырақ
30.06.2025 574 0
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена