Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлері марапатталды

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлері марапатталды

22.09.2024 1180 0

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге үлес қосқан волонтерлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат inbusiness.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Жобаға елорданың жоғары және орта оқу орындарынан 1600 волонтер қатысты. Олар ойын қатысушылары мен қонақтарына қолдау көрсетті: туристерге маршруттар ұсынды, спорт нысандарының аумағын шарлауға көмектесті, уақтылы көмек пен ақпараттандыруды қамтамасыз етті. Олардың жұмысының арқасында қонақтар өздерін жайлы және қауіпсіз сезіне алды.

"Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтті. Барлық қонақтар, спортшылар, қатысушылар мен туристер жайлылық пен ұйымшылдықты сезінді. Біз көптеген оң кері байланыстарды  алудамыз, көбісі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Олимпиадамен салыстырады. Бұл процесте, әрине, волонтерлер маңызды және үлкен рөл атқарды. Бір жарым жыл бұрын біз волонтерлерді іріктеу процесін бастадық, республиканың барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінен 12 мың студенттен 1600 адамды іріктеп алдық. Бұл волонтерлер ойын барысында маңызды рөл атқарды. Олар әуежай мен вокзалдардан бастап спорт нысандарына дейін барлық нысандарда жұмыс істеді. Бүгін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы, туризм және спорт министрлігі және қала әкімдігі біріге отырып оларды атап өтуге шешім қабылдадық. Біз тек алғыс хаттарды тапсырып қана қоймай, тамаша еңбектері үшін ризашылығымызды білдіреміз", – деді елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Волонтерлердің айтуынша, Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары кезінде олар құнды тәжірибе жинап, жаңа достар тауып, шетелдік туристермен комуникация жасау дағдысына ие болған.

Дереккөз: https://inbusiness.kz/ru/last/volonterov-vsemirnyh-igr-kochevnikov-nagradili-v-astane

Соңғы жаңалықтар
15.03.2026 167 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Толығырақ
13.03.2026 181 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Толығырақ
06.03.2026 189 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена