Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлері марапатталды

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлері марапатталды

22.09.2024 1085 0

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге үлес қосқан волонтерлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат inbusiness.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Жобаға елорданың жоғары және орта оқу орындарынан 1600 волонтер қатысты. Олар ойын қатысушылары мен қонақтарына қолдау көрсетті: туристерге маршруттар ұсынды, спорт нысандарының аумағын шарлауға көмектесті, уақтылы көмек пен ақпараттандыруды қамтамасыз етті. Олардың жұмысының арқасында қонақтар өздерін жайлы және қауіпсіз сезіне алды.

"Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтті. Барлық қонақтар, спортшылар, қатысушылар мен туристер жайлылық пен ұйымшылдықты сезінді. Біз көптеген оң кері байланыстарды  алудамыз, көбісі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Олимпиадамен салыстырады. Бұл процесте, әрине, волонтерлер маңызды және үлкен рөл атқарды. Бір жарым жыл бұрын біз волонтерлерді іріктеу процесін бастадық, республиканың барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінен 12 мың студенттен 1600 адамды іріктеп алдық. Бұл волонтерлер ойын барысында маңызды рөл атқарды. Олар әуежай мен вокзалдардан бастап спорт нысандарына дейін барлық нысандарда жұмыс істеді. Бүгін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы, туризм және спорт министрлігі және қала әкімдігі біріге отырып оларды атап өтуге шешім қабылдадық. Біз тек алғыс хаттарды тапсырып қана қоймай, тамаша еңбектері үшін ризашылығымызды білдіреміз", – деді елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Волонтерлердің айтуынша, Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары кезінде олар құнды тәжірибе жинап, жаңа достар тауып, шетелдік туристермен комуникация жасау дағдысына ие болған.

Дереккөз: https://inbusiness.kz/ru/last/volonterov-vsemirnyh-igr-kochevnikov-nagradili-v-astane

Last news
08.12.2025 113 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Read more
06.12.2025 111 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Read more
05.12.2025 160 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена