Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Волонтерлік хикаялар

Волонтерлердің сәтті оқиғаларынан шабыт алып,жақын болыңыз

23.10.2020

Волонтердің хикаясы: Әбдібекова Назым, 16 жас,Ақтау қаласы

направление: Экологиялық волонтерлік, Әлеуметтік волонтерлік, Оқиғалық волонтерлік

Әбдібекова Назым, 16 жас,Ақтау қаласы

ерікті ұсынған фотосурет

Неге және қалай волонтер болдыңыз?

Өзгелерге көмек көрсетіп,қиын сәтте қол ұшын беру әрбір азаматтың міндеті деп білемін."Birgemiz:Sabaqtastyq"жобасы жайлы біліп,волонтер болуға шешім қабылдадым.Одан өзге қазіргі таңда экологиялық волонтерлік бағыты бойынша "ecoaktau" және "Қаракөл сақшылары ","Доброволец" ұйымдарының мүшесі болып табыламын.

Сіз волонтер ретінде не істейсіз?

Birgemiz:Sabaqtastyq жобасы арқылы көмекке мұқтаж сәбилер мен жасөспірімдерге физикалық,психологиялық,материалдық көмек көрсетудеміз. Ал,эковолонтерлік ұйымдар арқылы табиғаттың көркеюіне, қаламыздың тазалығына өз үлесімді қосамын.

Волонтерлік қызмет сізге не береді, ол сіздің жеке басыңызды қалай дамытады?

Волонтерлік арқылы жан-жақты,жауапкершілікті болуды үйренуге болады.Ортақ мақсаты бар адамдармен жолығып ,керемет адамдармен танысуға мүмкіндік береді .

Сіз басқаларға қандай кеңес бере аласыз? Волонтерлікте өз бағытын қалай таңдауға болады?

Ең алдымен,өзіңіздің жаныңызға жақын бағытты таңдау керек деп ойлаймын. Себебі, волонтерлік оңай деп немқұрайлық танытып,әр бағытты таңдай берген дұрыс емес деп есептеймін .
Менің ойымша,қазір волонтерлік қоғамда өзіндік маңызды орынға ие.
Соңғы жаңалықтар
18.02.2026 128 0
Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол
Толығырақ
11.02.2026 747 0
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
Толығырақ
30.01.2026 459 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Волонтерлер форумында сөйлеген сөзі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена