Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Волонтерлік хикаялар

Волонтерлердің сәтті оқиғаларынан шабыт алып,жақын болыңыз

21.10.2020

Волонтердің хикаясы: Ардақ Жангелді 24 БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы

направление: Этно-волонтерлік

Ардақ Жангелді 24 БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы

ерікті ұсынған фотосурет

Неге және қалай волонтер болдыңыз?

Мен мектепте оқып жүргенімнен-ақ қоғамдық жұмыстарға қатысқанды жақсы көремін. Міне, өсе келе сол ұстаныммен келе жатырмын. Студент кезімде қызығатын едім, сабақтан бөлек, қосымша ерікті болып жүрген жандарға қарап, “Мен де осылай киініп, барлығына үлгеріп жүрсем ғой” - деп. Аллаға шүкір, қазір сол волонтерлердің қатарындамын десем артық айтқандық емес. Жас маман ретінде мектепке орналасқаннан бері, менің жылым сәтті болды. Армандар орындалатын жыл болды десем де болады. Себебі, өз еңбегімнің арқасында “Үздік жас волонтер - 2019” атандым. Сонымен бірге ҚР Тұңғыш Елбасының алғыс хатын алдым. Күні кеше Ұстаздар күніңде “Волонтер-педагог” аталымы бұйырды. Жалпы адамзатқа бір көмегім тисе мен бақыттымын. Жақсылықтың ерте, кеші жоқ.

Сіз волонтер ретінде не істейсіз?

2 жыл ішінде көптеген жобалар ұйымдастырдым. Соның ішінде ең алғаш, жұмыс орнымда оқушыларға арнап’ “ReadX”кітап оқу шартын үйреттім. Оқушыларыммен бірге жұмыстандық. Сонан соң Жалпақтал ауылында “ “Жаңа жылда жақсылық жаса” атты қайырымдық шарасын, “Асар” қайырымдылық эстафетасының көмегімен бір отбасына ақша жинап, үй алып бердік. Күні кеше елдегі оқу жағдайына байланысты “Балаларға бірге көмек берейік” атты қайырымдылық жобасын ұйымдастырып, 14 отбасының балдарына 2 планшет, 4 роутер алып бердік. Бәрі халықтың арқасы.

Волонтерлік қызмет сізге не береді, ол сіздің жеке басыңызды қалай дамытады?

Волонтерлік маған өз-өзіме деген үлкен сенімділікті, қайраттылықты алып келді. Осы жолда жүріп, барша адамзатқа, еліме, жұртыма көмектессем одан асқан бақыт та, байлық та жоқ!

Сіз басқаларға қандай кеңес бере аласыз? Волонтерлікте өз бағытын қалай таңдауға болады?

Волонтер болу - еріккеннің ермегі емес, нақтылықты, үлкен жауапкершілікті күтетін жауапты, игі іс деп білемін. Алайда адамдарға көмектесу арқылы өзім де жақсы болып қаламын.
Айналама көмектескеннен мен кеміп қалмаймын, керісінше өсемін, артамын. Сондықтан біз қандай жағдай болса да бірге болуымыз керек.
Соңғы жаңалықтар
18.11.2024 1099 0
Волонтерліктің түрлері мен бағыттарын бірге талдайық!
Толығырақ
13.11.2024 761 0
Теміртау жастар клубының табысты корпоративтік волонтерлік кейстері
Толығырақ
11.11.2024 1287 0
Волонтерлікті өзекті етуге және басқаларды волонтерлікке қосылуға шабыттандырудың 5 тәсілі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена