Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Волонтерлік хикаялар

Волонтерлердің сәтті оқиғаларынан шабыт алып,жақын болыңыз

15.07.2020

Волонтердің хикаясы: Жүрсін Нұрболат Әлімханұлы жасым 24 те. Түркістан облысы, Түркістан қаласы

направление: Мәдени волонтерлік

Жүрсін Нұрболат Әлімханұлы жасым 24 те. Түркістан облысы, Түркістан қаласы

ерікті ұсынған фотосурет

Неге және қалай волонтер болдыңыз?

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі «Тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша «Birgemiz: Asyl Mura» жалпы ұлттық жобасында ерікті түрде қызмет атқарып келе жатырмын. Мәдени мұраның жеке дара өз басым үлес қосып, жастардың мәдени сауаттылықтарын артырғым келеді. Мен үшін еріктілік ол адамдардың қанына сіңген амалдардың бірі деп білемін. Халық үшін еңбек еткен азаматтың алды да, арты да кең дархан көл болады деп айтады, сол себептен ерікті болуыма отбасымда қолдап, демеу беріп отырады.

Сіз волонтер ретінде не істейсіз?

Волонтер ретінде өңірімдегі мәдени ошақтардың жандануына, қайта қалпына келтіруіне ат салысып жатырмын. Археологиялық қазба жұмыстары өзіме қатты ұнайды, мұнда ешқандай романтика жоқ. Дегенмен де табылған тарихи жәдігерлерді, қыш құмыраларды мұражайларға қойсақ оны келешек ұрпақ көзбен көріп, тарих беттерінен сусындай алады.

Волонтерлік қызмет сізге не береді, ол сіздің жеке басыңызды қалай дамытады?

Волонтерлік қызмет ең біріншіден өзімізді дамытуға үйретеді. Көпшілікпен қарым-қатынас орнатуға, жаңа идеянды іске асыруға және белсенді болуға итермелейді. Қоғам алдында өз жауапкершілігіңді сезініп заман талабына қарай тез бейімделуге, жастар саясатына бей-жәй қарамауға түрткі болады.

Сіз басқаларға қандай кеңес бере аласыз? Волонтерлікте өз бағытын қалай таңдауға болады?

"Birgemiz: Asyl Mura" жалпы ұлттық жобасы волонтерлерге арналған "Шағын гранттар" байқауы туралы әлеуметтік желілерде жарияланғанын көріп қызығушылығымды оятты. "Birgemiz: Asyl Mura" бағыты менің жаныма жақын болды . Туған өлкемнің терең тарихын бүкіл елімізге танытуды өзіме мақсат ете отырып осы бағыт аясында жеті жобаны әзірлеп ұсындым. Байқау қорытындысы бойынша археологиялық қазба жұмысы және тарихи нысанды қалпына келтіру бағытындағы екі жобаның жеңімпазы атандым. Демек, тың идеяңызды ұсынсаңыз, өзіңізді үнемі дамытып отырсаңыз қоғамға қажетті ақпаратты тасымалдап, пайдалы істермен шұғылдансаңыз еліміздің дамуына да үлес қосасыз. Бос уақытты тиімді пайдалану, әлеуметтік, мәдени жобаларды іске асыруға, волонтерлерге арналған сайттарды қарап, тәжірбие жинауға, тіл үйренуге, тарихи кітаптарды оқуға, рухани жағынан азық алуға, жастар саясатына белсенді араласуға кеңес беремін. Тегін қызмет көрсету, әлеуметтік жағынан жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесу менің азаматтық борышым!
Терең тарихтан, жарқын болашақ!
Соңғы жаңалықтар
26.04.2024 739 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2743 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1271 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена