Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Волонтерлік хикаялар

Волонтерлердің сәтті оқиғаларынан шабыт алып,жақын болыңыз

21.09.2021

Волонтердің хикаясы: Мадина, 20 жас, Алматы облысы

направление: Медиа-волонтерлік, Онлайн волонтерлік

Мадина, 20 жас, Алматы облысы

ерікті ұсынған фотосурет

Неге және қалай волонтер болдыңыз?

Қателеспесем, 2020 жылдың тамыз айында Instagram желісінен жарнама көріп қалдым. Адамдарға, қоғамға қолымнан келгенше көмектесу деген ниетім басым түсіп, бірден тіркелдім. Іріктеуден өткеніме қатты қуандым. Мен "Бала құқығы" және "Be Kind" бағыттары бойынша волонтер болдым. Негізгі мамандығым мұғалім болғандықтан, мектептегі тәжірибе барысында балалар арасындағы кикілжіңдер мен қуаныштарды талай байқадым. Мендегі сұрақ, "Бұл балаларға қалай бақытты балалық шақ сыйлауға болады? Оларды қалай өзін-өзі қорғауға, қоғамға зиян тигізбеуге үйретуге болады?" болды. Міне, осы сұрақтарымның жауабын волонтерліктен табамын деген ниетпен волонтер болуға шешім қабылдадым. Және айта кететін тағы бір жайт, мен BTS корей бойз бэндының тыңдаушысымын. Ол жігіттердің жасап жатқан жақсылықтары мен БҰҰ-ның мүшелері болуы, олардан үлгі алып үлкен қадам жасауыма түрткі болды дей аламын.

Сіз волонтер ретінде не істейсіз?

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн волонтерлікпен айналысып жатырмын. Мектеп оқушыларына буллинг және кибербуллинг тақырыптарының өзектілігі туралы сабақтар да өткіздім. Бұдан бөлек, бала құқығы тақырыбын қозғайтын, балаларға арналған ертегі жинағына өзімнің үлесімді қостым. Менің жазған ертегім жинаққа енді.

Волонтерлік қызмет сізге не береді, ол сіздің жеке басыңызды қалай дамытады?

Волонтерлік - мені жан-жақты болуға үйретті. Әртүрлі платформалар және сайттармен жұмыс жасауды үйрендім. Бұдан бөлек Қазақстанның түкпір-түкпірінен достар таптым, командада жұмыс істеу қабілетімді арттырдым. Әртүрлі мектеп, сынып және мұғалімдермен жұмыс жасау барысында тайм-менеджментті пайдалануды үйрендім. Ең бастысы, риясыз әрі мейірімге толы әлемде адамдар бір-біріне жақсылық жасаса, міндетті түрде қайтып келетіндігіне көзім жетті.

Сіз басқаларға қандай кеңес бере аласыз? Волонтерлікте өз бағытын қалай таңдауға болады?

Өз бағытыңызды таңдауда, жүрегіңіз нені қалайды, нені өзгерткіңіз келер еді, қандай мәселелер сізді қатты алаңдататындығын ескеріңіз. "Көз-қорқақ, қол- батыр" дейді, сізді кез-келген жағдайда алып шығар, жылағанда көз жасыңызды сүртер, сол қолдарыңыз. Ендеше, неге осы қолдан келгенше басқаларға көмек бермеске?! Қорықпаңыздар, керісінше әлемді жақсылықпен толтыруға кішкене болсын үлес қоса алатындықтарыңызға қуаныңыздар! Тек алға!
Біздің әлем - біздің ортақ үй. Біздің қоғам - біздің ортақ мекеніміз. Дәл қазіргі уақытта жас ұрпақтың волонтерлікке атсалысып жатқандығына шын жүректен қуанамын! Керемет, қайтып келмес жастық шағымызды осындай жақсы істермен өткізсек, келешек ұрпақ, іні- сіңлілерімізді де осындай бағытқа бұра алатындығымыз сөзсіз деп білемін. Әркім өз өмірінің суретшісі демекші, әрқайсысымыздың өмір суретіміз әдемі болуы үшін атсалысайық!
Соңғы жаңалықтар
18.11.2024 1088 0
Волонтерліктің түрлері мен бағыттарын бірге талдайық!
Толығырақ
13.11.2024 754 0
Теміртау жастар клубының табысты корпоративтік волонтерлік кейстері
Толығырақ
11.11.2024 1280 0
Волонтерлікті өзекті етуге және басқаларды волонтерлікке қосылуға шабыттандырудың 5 тәсілі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена