Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Волонтерлік хикаялар

Волонтерлердің сәтті оқиғаларынан шабыт алып,жақын болыңыз

28.10.2020

Волонтердің хикаясы: Менің аты-жөнім Әріп Сүндет Әуезұлы, 18 жаста, Шырайлы Шымкент қаласынан:

направление: Экологиялық волонтерлік, Әлеуметтік волонтерлік, Оқиғалық волонтерлік

Менің аты-жөнім Әріп Сүндет Әуезұлы, 18 жаста, Шырайлы Шымкент қаласынан:

ерікті ұсынған фотосурет

Неге және қалай волонтер болдыңыз?

Жалпы волонтёрлық ұйымына бір жыл бұрын аяқ бастым! Мен басында волонтёр деген не нәрсе? Не істеу керек? Деген сұрақтар пайда бола бастады және қызығушылық арта түсті! Мен волонтёрлық ұйымынан көптеген ағаларымызды көріп өзім секілді жастарды көргенім де.. Менде бір сұрақ пайда болды! Неге менде осы жастармен бірге жақсылық жасамасқа? Халқыма көмек қолын созғаным өзіме де көмек бергенім емес пе деп ойладым. Содан соң көптеген іс-шараларға қатысып волонтёрлық ұғымды жастарға насихат етіп, көптеген тәжірибелер жинадым. Мен волонтёрлық ұйымына келгеніме қуанамын!

Сіз волонтер ретінде не істейсіз?

Мен жастарға бірінші кезең де бос уақыттарын тиімді пайдалануды, білімге құштар болуға және жақсылық жасауды.. Бірге көптеген идеяларды бірге жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тырысамыз!

Волонтерлік қызмет сізге не береді, ол сіздің жеке басыңызды қалай дамытады?

Волонтёрлік қызмет мен үшін көптеген нәрсе береді. Ең біріншісі ол білім, мәдениет, өнер және қоршаған ортаға өзімді еркін сезінуге ықпалы тиді! Ешқашан өзіңді жалғыз сезін беу керектігін және өзімнің қолымнан барлық нәрсе келетініне көзімді жеткізді!

Сіз басқаларға қандай кеңес бере аласыз? Волонтерлікте өз бағытын қалай таңдауға болады?

Біздің президенттіміз Қасым Жомарт Кемел ұлының жарлығымен 7 бағыт бойынша жұмыс жасауға шақырды! Менің жастарға айтарым.. Өзіңіздің жан қалауыңыз не қаласа соны жасаңыз бұл әлем де ешқандай шектеу жоқ барлық нәрсе шексіз, тек ойыңызды креативті ойлауға ойыңызды дамытыныз!
Сіздің қолыныздан барлық нәрсе келеді, тек өзіңізге сенімді болыңыз кім не айтса да мән бермеуге тырысыңыз, өйткені бұл өмірді сіз сүресіз! Адамзатқа ең бастысы денсаулық және білім маңызды рөл атқарады! Көп кітап оқыңыз, спортпен шұғылданыныз, ұлттық ойындар тағы басқа да ұйымдарға қатысыныз! Бұл өмірде мән табуға тырысыңыз!
Соңғы жаңалықтар
18.11.2024 1099 0
Волонтерліктің түрлері мен бағыттарын бірге талдайық!
Толығырақ
13.11.2024 761 0
Теміртау жастар клубының табысты корпоративтік волонтерлік кейстері
Толығырақ
11.11.2024 1287 0
Волонтерлікті өзекті етуге және басқаларды волонтерлікке қосылуға шабыттандырудың 5 тәсілі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена