Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым
Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым

 Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

2023 жылы әлем халқының 14%-ының әлі де кеңжолақты интернетке қолжетімділігі болмады, дегенмен 2017 жылмен салыстырғанда ілгерілеу байқалады.

2024 жылғы деректерге сәйкес, өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 16,8%-ға дейін өсті (Азия мен Африкадағы өндірістің артуына байланысты).

Шағын және орта кәсіпорындар әлемдегі бизнес құрылымының 90%-дан астамын құрайды және 55–60% жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптегі әрбір жаңа жұмыс орны басқа салаларда 2,2–2,5 жұмыс орнын құруға ықпал етеді (2023–2025 жж. деректері бойынша).

2023 жылы ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған шығындар әлемдік ЖІӨ-нің 2,5%-ын құрады, бұл 2017 жылғы 2%-дан жоғары.

Соңғы үш жылда технологиялық стартаптардың саны 30%-ға артты, әсіресе жасыл энергетика, цифрлық индустрия және агроинновациялар салаларында.

2023–2025 жылдары дамушы елдерде агроөнеркәсіптік өнімдерді қайта өңдеу деңгейі 35–40%-ға дейін өсті, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің құндылығын арттырды.

9.1 Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында, барлық адамдар үшін арзан әрі тең құқықты қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, тұрақты және орнықты инфрақұрылымды дамыту

9.2 Бәрін қамтитын және тұрақты индустрияландыруға жәрдемдесу және 2030 жылға қарай ұлттық жағдайларға сәйкес өнеркәсіпте жұмыспен қамтылу деңгейін және жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіп өндірісінің үлесін едәуір арттыруға және неғұрлым нашар дамыған елдердегі тиісті көрсеткіштерді екі есе арттыруға жәрдемдесу.

9.3 Шағын өнеркәсіптік және өзге де кәсіпорындардың, әсіресе дамушы елдерде қаржылық қызметтерге, оның ішінде арзан кредиттерге қолжетімділігін кеңейту және олардың өндірістік-өткізім тізбектері мен нарықтарына интеграцияны күшейту

9.4 2030 жылға қарай ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді неғұрлым кеңінен қолдану арқылы тұрақты ете отырып, олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау

9.5 Ғылыми зерттеулерді жандандыру, барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін, оның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және 1 млн. адамға есептегенде ҒЗТКЖ саласындағы қызметкерлер санын, сондай-ақ, ҒЗТКЖ-ға арналған мемлекеттік және жеке шығыстарды едәуір ұлғайту жолымен арттыру.

9.a Африка елдеріне, нашар дамыған елдерге, теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге және шағын аралдық дамушы мемлекеттерге қаржылық, технологиялық және техникалық қолдауды ұлғайту арқылы дамушы елдерде экологиялық орнықты және тұрақты инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу

9.b Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы талдамаларды, зерттеулер мен инновацияларды, оның ішінде өнеркәсіпті әртараптандыру және шикізат салаларында қосылған құнды ұлғайтып, қолайлы саяси ахуал құру арқылы қолдау

9.c 2020 жылға қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жетімділікті едәуір кеңейту және нашар дамыған елдерде интернетке жалпыға бірдей және арзан қол жетімділікті қамтамасыз етуге тырысу

Соңғы жаңалықтар
14.09.2025 60 0
Игі істер марафоны жалғасуда!
Толығырақ
12.09.2025 3086 0
Ауылдық жерлердегі волонтерлік: кедергілерді қалай еңсеруге болады?
Толығырақ
11.09.2025 106 0
Волонтерлік ұйымдардың жетекшілерімен оқытушылық-ақпараттық кездесулер жалғасуда!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена