Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды

Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды

05.12.2025 535 0

Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтіп, «Игі істер марафоны» республикалық жобасы қорытындыланды. Іс-шара Халықаралық волонтерлер күні аясында және Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылының ресми басталуы қарсаңында ұйымдастырылды. Аталған жылды жариялау бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.

Жылдың ресми ашылуы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб-пәтерінде өтеді. Айта кетейік, «Жыл волонтері» сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылдан бері жыл сайын тапсырылып келеді. Осы уақытқа дейін 297 волонтёр лауреат атанды. 2025 жылы сыйлықтың лауреаттары атанған 46 қазақстандық волонтермен қатар, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Түркиядан келген 4 волонтер марапатталды.

Олардың барлығы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге, волонтерлікті дамытуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жобалары мен бастамаларының нәтижелерін ұсынды.

Сонымен қатар бүгін «Игі істер марафоны» республикалық жобасының қорытындылары жарияланды. Марафон барысында қазақстандықтар 9 мыңнан астам игі іс атқарды. Байқау нәтижесінде ең жоғары белсенділік танытқан 20 жеңімпаз анықталды. Жалпы, жобаға 40 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Дереккөзі: https://www.instagram.com/reel/DR4h1FGDcM8/?igsh=dnJsbThqcHB0a3A2

Соңғы жаңалықтар
15.05.2026 1721 0
«Базалық оқыту курсы» волонтерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн тренингке қатысуға арналған конкурс!
Толығырақ
12.05.2026 1170 0
2026 жылғы халықаралық мүмкіндіктер: БҰҰ-дағы тағылымдамалар мен бос жұмыс орындары және жаһандық бағдарламалар
Толығырақ
06.05.2026 1092 0
Корпоративтік волонтерлік – өмір салты: Мырзабек Ахметов игі істер туралы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена