Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды

Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды

05.12.2025 650 0

Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтіп, «Игі істер марафоны» республикалық жобасы қорытындыланды. Іс-шара Халықаралық волонтерлер күні аясында және Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылының ресми басталуы қарсаңында ұйымдастырылды. Аталған жылды жариялау бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.

Жылдың ресми ашылуы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Штаб-пәтерінде өтеді. Айта кетейік, «Жыл волонтері» сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылдан бері жыл сайын тапсырылып келеді. Осы уақытқа дейін 297 волонтёр лауреат атанды. 2025 жылы сыйлықтың лауреаттары атанған 46 қазақстандық волонтермен қатар, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Түркиядан келген 4 волонтер марапатталды.

Олардың барлығы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге, волонтерлікті дамытуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жобалары мен бастамаларының нәтижелерін ұсынды.

Сонымен қатар бүгін «Игі істер марафоны» республикалық жобасының қорытындылары жарияланды. Марафон барысында қазақстандықтар 9 мыңнан астам игі іс атқарды. Байқау нәтижесінде ең жоғары белсенділік танытқан 20 жеңімпаз анықталды. Жалпы, жобаға 40 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Дереккөзі: https://www.instagram.com/reel/DR4h1FGDcM8/?igsh=dnJsbThqcHB0a3A2

Last news
07.09.2026 426 0
The Call for Entries for the International «Volunteer of the Year» Award Is Now Open
Read more
19.08.2026 2248 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Read more
17.08.2026 2689 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена