Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Климаттың өзгеруімен күрес
Климаттың өзгеруімен күрес

Климаттың өзгеруіне және оны салдарларына қарсы күрес бойынша жедел шараларды қолдану.

Климаттың өзгеруі барлық елдерге және барлық құрлықтарға әсер етеді. Адамдардың іс-әрекетінен туындаған климаттың өзгеруі біздің ғаламшарымыздың болашағына қауіп төндіруде. Парниктік газдар шығарындыларының өсуіне байланысты климаттың өзгеруі күтілгеннен әлдеқайда жылдам жүріп жатыр және оның салдары бүкіл әлемде айқын сезілуде.
Оның салдарына ауа райы үлгілерінің өзгеруі, теңіз деңгейінің көтерілуі және аса экстремалды табиғи құбылыстардың пайда болуы жатады. Егер тиісті шаралар қабылданбаса, климаттың өзгеруі соңғы жылдары даму саласында қол жеткізілген елеулі прогресті жоққа шығарады. Сондай-ақ ол халықтың жаппай көшуін тудырып, тұрақсыздық пен қақтығыстарға әкелуі мүмкін.
2010–2020 жылдар аралығында шамамен 3,3–3,6 млрд адам тұратын аса осал аймақтардағы су тасқыны, құрғақшылық пен дауылдардан болатын өлім деңгейі өте төмен осал аймақтардағы өлім деңгейінен 15 есе жоғары болды.
2022 жылы теңіз деңгейі өсе берді және 1993 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан спутниктік өлшемдер кезіндегі жаңа рекордқа жетті.
Бүгінде әлемде елдерге экологиялық таза, тұрақты және төмен көміртекті экономика құру жолында айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндік беретін қолжетімді әрі ауқымды шешімдер бар.
Климаттың өзгеруі – үйлестірілген халықаралық ынтымақтастықты талап ететін жаһандық мәселе.

      Барлық елдердегі қауіпті климаттық құбылыстар мен табиғи апаттарға төзімділік пен бейімделу қабілетін арттыру

      Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын ұлттық деңгейдегі саясатқа, стратегияларға және жоспарлауға енгізу

      Білім беруді, ақпаратты таратуды және адамдар мен мекемелердің климаттың өзгеру қаупін жұмсарту және салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ертерек алдын алу бойынша мүмкіндіктерін жақсарту

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының қатысушылары болып табылатын дамыған елдер өзіне алған ортақ күш-жігерімен 2020 жылға қарай жыл сайынғы жұмылдыру мақсатына 100 млрд. АҚШ долларын құрады, дамушы елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық көздерден климаттың өзгеруі салдарының қаупін жұмсарту және оларды жүзеге асырудың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде сындарлы шаралар қабылдау контекстінде, сондай-ақ, Жасыл климаттық қорды барынша қысқа мерзімде капиталдандыру жолымен оның толық ауқымды жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

      Ең нашар дамыған елдерде және шағын аралдық дамушы мемлекеттерде әйелдерге, жастарға, сондай-ақ, жергілікті және маргиналданған қауымдарға көп көңіл бөле отырып, климаттың өзгеруіне байланысты жоспарлау мен басқару мүмкіндіктерін нығайту жөніндегі тетіктерді құруға жәрдемдесу.

      Жетістіктер:

      Табиғи апаттар салдарынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандар саны 2005–2014 жылдардағы әрбір 100 000 адамға шаққанда 1,61-ден 2014–2023 жылдары 0,79-ға дейін төмендеді. Дегенмен соңғы онжылдықта апаттар жыл сайын орта есеппен 41 647 адамның өмірін қиды. Табиғи апаттардан зардап шеккен адамдар саны екі есеге жуық өсті — әрбір 100 000 адамға шаққанда 2005–2014 жылдардағы 1158-ден 2014–2023 жылдары 2028-ге дейін, соңғы онжылдықта зардап шеккендердің жылдық орташа саны 124 миллион адамды құрады. 2024 жылға қарай 131 ел апат тәуекелін азайту жөніндегі ұлттық стратегияларды қабылдағанын және іске асырып жатқанын хабарлады.

      Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негізгі конвенциясының Қаржы жөніндегі тұрақты комитетінің деректері бойынша, 2021–2022 жылдардағы екі жылдық кезеңде климаттың өзгеруінің алдын алу үшін негізгі секторларға инвестициялар көлемінің артуына байланысты климатпен күрес мақсатында жаһандық ауқымда жұмылдырылған қаражаттың орташа жылдық көлемі 1,3 трлн АҚШ долларына жетті, бұл 2019–2020 жылдардағыдан 63 пайызға көп. Ең жоғарғы өсім экологиялық көлік саласында тіркелді (96 пайыз), одан кейін экологиялық таза энергетика (53 пайыз) және ғимараттар мен инфрақұрылым нысандары (41 пайыз) тұр. Климаттың өзгеруіне бейімделуге арналған қаржыландыру көлемі де 28 пайызға артып, жылына 63 млрд АҚШ долларына жетті, негізінен даму институттарының қаржыландыруға қатысты міндеттемелерінің арқасында.

      Соңғы жаңалықтар
      18.09.2025 38 0
      Волонтерлік туралы цифрлық арт-музейге қатысуға ашық байқау
      Толығырақ
      17.09.2025 65 0
      «ТАҢДАУ» Республикалық қоғамдық сыйлығына байқау басталды!
      Толығырақ
      14.09.2025 86 0
      Игі істер марафоны жалғасуда!
      Толығырақ
      Әлеуметтік желілерде оқыңыз
      Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
      Спасибо! ваша заявка отправлена