Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Тұрақты қалалар және елді мекендер
Тұрақты қалалар және елді мекендер

 Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

      • Бүгінде адамзаттың жартысы, яғни, 3,5 миллиард адам қалаларда тұрады. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай қалалық жерлерде 5 миллиард адам тұратын болады.
      • Алдағы онжылдықтарда қалалардағы халық санының өсуінің шамамен 95 пайызы дамушы елдер есебінен болады.
      • Бүгінде қаланың лас, қараңғы жерлерінде 883 миллион адам тұрады. Олардың көпшілігі Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тұрады.
      • Әлемдегі қалалардың жалпы ауданы жер бетінің тек 3 пайызын құрайды, бірақ олар энергияны тұтынудың 60-80 пайызын және көмірқышқыл газын бөлуде 75 пайызын құрайды.
      • Урбанизацияның қарқынды екпіні тұщы су қорына, кәріз жүйелерінің жұмысына, өмір сүру ортасына және денсаулық сақтау жүйесіне теріс әсер етеді.
      • 2016 жылы азаматтардың 90 пайызы ДДҰ белгілеген қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейтін ауамен тыныстап, нәтижесінде 4,2 миллион адам қайтыс болды. Әлемдегі қала халқының жартысынан көбі ДДҰ нормасынан 2,5 есе көп ауамен тыныс алады.

      11.1 2030 жылға қарай жеткілікті, қауіпсіз және арзан тұрғын үйге және негізгі қызметтерге жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету және қалалардың шеткі аумақтарын абаттандыру

      11.2 2030 жылға қарай осал жағдайдағы адамдардың, әйелдердің, балалардың, мүгедектер мен қарттардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, жол жүру қауіпсіздігін арттыру, атап айтқанда, қоғамдық көлікті пайдалануды ұлғайту негізінде барлық адамдардың қауіпсіз, арзан, қолжетімді және экологиялық тұрақты көлік жүйелерін пайдалана алуын қамтамасыз ету

      11.3 2030 жылға қарай баршаға ашық және экологиялық жағынан тұрақты урбандалу ауқымын, елді мекендерді кешенді және орнықты жоспарлау мен оларды барлық елдегі кеңінен қатысу негізінде басқару мүмкіндіктерін кеңейту

      11.4 Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау мен сақтау жөніндегі күш-жігерді жандандыру

      11.5 2030 жылға қарай аз қамтылған және осал топтағы адамдарды қорғауға ерекше назар аудару арқылы апаттар, оның ішінде сумен байланысты әлемдік жалпы ішкі өнімнің шығыны түріндегі тікелей экономикалық залалды едәуір азайтып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санын едәуір қысқарту

      11.6 2030 жылға қарай қалалардың жан басына шаққанда теріс экологиялық әсерін, оның ішінде ауа сапасына, қалалық және басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару арқылы азайту

      11.7 2030 жылға қарай барлық жасыл аймақтар мен қоғамдық орындарға, әсіресе әйелдер мен балалар, қарттар мен мүгедектер үшін қауіпсіз, қолжетімді және ашық жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету

      11.a Ұлттық және өңірлік дамуды жоспарлау сапасын арттыру негізінде қалалық, қала маңындағы және ауылдық аудандар арасындағы оң экономикалық, әлеуметтік және экологиялық байланыстарды қолдау

      11.b 2020 жылға қарай әлеуметтік тосқауылдарды жоюға, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жеңілдетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге және дүлей зілзалаларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған кешенді стратегиялар мен жоспарларды қабылдаған және жүзеге асыратын қалалар мен елді мекендердің санын едәуір ұлғайтуға және 2015-2030 жылдарға арналған зілзалалар тәуекелін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасына сәйкес зілзалаларға байланысты тәуекелдерді барлық деңгейде кешенді басқару жөніндегі шараларды әзірлеп, енгізу.

      11.c Нашар дамыған елдерге жергілікті материалдарды пайдалана отырып, экологиялық орнықты және берік ғимараттар салуға, оның ішінде қаржылық және техникалық көмек арқылы жәрдем көрсету
      Соңғы жаңалықтар
      18.11.2024 1063 0
      Волонтерліктің түрлері мен бағыттарын бірге талдайық!
      Толығырақ
      13.11.2024 743 0
      Теміртау жастар клубының табысты корпоративтік волонтерлік кейстері
      Толығырақ
      11.11.2024 1267 0
      Волонтерлікті өзекті етуге және басқаларды волонтерлікке қосылуға шабыттандырудың 5 тәсілі
      Толығырақ
      Әлеуметтік желілерде оқыңыз
      Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
      Спасибо! ваша заявка отправлена