Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар QAZMED VOLUNTEERS Медицинаға еңбегі сіңген тұлғалар

Медицинаға еңбегі сіңген тұлғалар

29.10.2023 652



Салтанат Берденқызы Байқошқарова 1960 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін 1983 жылы тәмамдаған. Қазақстандағы алғашқы денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) лабораториясы – «Экомед» емханасының (18.03.95 ж. ашылған) негізін қалаушы және жетекшісі. Репродуктология саласында еңбек етіп келе жатқанына 22 жыл болды. Ұлттық Медицина Ассоциациясының «Алтын Дәрігер» атағының иесі. «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау ісінің үздігі» атты құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің «Денсаулық cақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.


"Пробиркадан" шыққан баланың тұңғыш қазақстандық авторы және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Репродуктология және эмбриология саласындағы танымал көшбасшы және маман.

30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі ішінде 25 000 ЭКО циклын өткізді, оның кәсіби қатысуымен және оның басшылығымен Қазақстанда ғана емес, әлемнің 37 түрлі елінде 12 000-нан астам бала дүниеге келді


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026 0 0
Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Толығырақ
07.09.2026 497 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2267 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена