Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар QAZMED VOLUNTEERS Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні

Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні

29.05.2023 535


Дүниежүзілік гипертониямен күресу күніне орай “Birgemiz: Saulyq” жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы қаласының базарларында тұрғындардың қан қысымын өлшеп “Қан қысымыңызды дәл өлшеңіз, оны бақылаңыз, ұзақ өмір сүріңіз» атты түсіндірме акциясы өткізілді.

Артериялық гипертония байқалған қала тұрғындарына тамақтану бойынша кеңестер берілді:

Тұзды тұтынуды күніне 5-6 граммға дейін шектеу;
Жемістерді, көкөністерді тұтынуды көбейту;
Диета сақтау (дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер) ;
Алкоголь мен кофені тұтынуды шектеу.

Үйде гипертониямен күресу үшін де:

Үнемі жаттығулар жасау (мысалы, серуендеу, жүгіру, жүзу);
Стресстік жағдайлардан сақ болу және ұйқыны дұрыстау;
Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді ретімен қолдану;
Денедегі сұйықтықтың қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін көбірек су ішу;
Темекі шегуден аулақ болу;
Қан қысымын үнемі өлшеп, оның көрсеткіштерін қадағалау сынды кеңестер берілді.

Қала тұрғындарына көмегіміз тиді деген үміттеміз!

#cisckz #birgemizsaulyq2023 #цпгикз


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026 10 0
Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Толығырақ
07.09.2026 498 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2267 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена