Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Күміс волонтерлік «Күміс волонтерлік» аралық нәтижелер: 2022 жылдың сәуір-шілде айлары.

«Күміс волонтерлік» аралық нәтижелер: 2022 жылдың сәуір-шілде айлары.

25.07.2022 718

2022 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша "Күміс волонтерлік» жобасын іске асыру аясында 50 жастан асқан 400-ден астам ерікті волонтерлік қызметке тартылды.  Өз кезегінде, облыс өкілдері жұмысының барлық кезеңінде «Рухани мұра» бағыты бойынша ұлттық мәдени мұраны дамыту мен насихаттауға бағытталған  30-дан астам іс-шара өткізілді;  «Табиғат» бағыты бойынша 30-дан астам акция мен іс-шара – 300-ден астам «күміс» еріктіні қамтитын экологиялық бастама өткізілді.  Мамыр айында жоба өкілдері үшін (17 үйлестіруші) «Қазақстанда «күміс» волонтерлік қызметті дамыту» тақырыбында сертификаттар табысталған тренинг өткізілді.  Жоба аясында аймақ өкілдері 20-дан астам ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  Ай сайын жоба аясында Қоғамдық қор туындаған мәселелерді шешу, жобаның міндеттері бойынша өңірлік өкілдердің жұмысын талқылау және кеңес беру үшін аймақтармен консультативтік кездесулер ұйымдастырып тұрады.  17 облыстан «күміс» еріктілердің қатысуымен тәжірибе алмасу үшін ай сайын онлайн кездесулер өткізіледі.  Шілде айының соңында біз 30 шағын грант иегерін жариялайтын боламыз.  Біздің «Күміс еріктілер» айдарын бақылап отырыңыз, олармен танысыңыздар, оқыңыздар, бізге хабарласыңыздар, біз әрқашан байланыстамыз.  Біздің әлеуметтік желідегі  парақшаларымыз:

Instagram: @kzovol

Facebook: ОФ "Волонтеры Кызылорды"

VK: ОФ "Волонтеры Кызылорды"


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
30.01.2025 440 0
«Игі істі бөліс» республикалық флешмобына қосылыңыз!
Толығырақ
29.01.2025 2119 0
Қазақстандағы волонтерлік сандармен: 2024 жыл
Толығырақ
28.01.2025 549 0
Корпоративтік волонтерлік бойынша жеке кеңестер!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена