Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Sabaqtastyq Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларындағы еріктілерді қолдау орталықтарының ашылуы туралы

Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларындағы еріктілерді қолдау орталықтарының ашылуы туралы

29.04.2020 1099
  1. Елордадан еріктілер қозғалысы бастау алды!

Елімізде ағымдағы 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Ал басты Ерікті - Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев болып табылады. 

Еріктілік институтын дамыту мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және оның операторы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ҚЕАҚ» қолдауымен қоғамда 7 Жалпыұлттық әлеуметтік жобалар жарияланды.

«KAZBRANDS» Қоғамдық Қоры Президенттің үндеуін және еріктілікті дамыту идеясын қуаттау үшін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ҚЕАҚ» қолдауымен «Балалар үйлеріндегі балаларға және өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға, балаларға қатысты волонтерлердің тәлімгерлік практикасын халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында енгізу бойынша «Birgemiz»: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасын іске асыру» атты жобасын ұйымдастырып, орындауда.

«KAZBRANDS» Қоғамдық Қоры 2020 жылдың 3 сәуірінен бастап, «Birgemiz»: Sabaqtastyq» Жалпыұлттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында еріктілікті қолдаудың 3 орталығының ашылғандығын хабарлайды.

Аймақтағы жобаның кураторлары болып:

Нұр-Сұлтан қаласындағы еріктілікті дамыту орталығының директоры – Утеуова Аяжан Дюсембиевна («Қазақстанның құрылысшылар Одағы» ЗТҰ, «Үздіксіз білім беру» Қоры» ҚБ, Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы №3, офис: 512; Email: aeka2030@mail.ru; Моб:87080008088)

        Шымкент қаласындағыеріктілікті дамыту орталығының директоры – Усенова Гульнар Каримовна ("Асыл бала" ЗТҰ Филиалы»; Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тәуке-хан даңғылы №2; Email: gulnarausenova1962@gmail.com; Моб:87007732688)

        Атырау қаласындағы еріктілікті дамыту орталығының директоры - Айгерим Сапарова («Сана» Әлеуметтік Даму Қоры»; Мекен жайы: Береке шағын ауданы (мкр.) 15-13; Email: Saparovaaigera@gmail.com; Моб:87010800091)

           Жобаның мақсаты жоғарыдағы аталған санаттағы балалар мен жастар үшін әлеуметтік қызметтерді нәтижелі іске асыруда тәлімгер еріктілердің тәжірибесін енгізу арқылы көмек көрсету болып табылады.

           Жоба аясында күтілетін нәтижелер:

1.    Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау қалаларында еріктілерді қолдау орталықтары ашу;

2.    Қоғамдағы атақты және құрметті азаматтардың ішінен 50 жеке тәлімгерді тарту және тренингтік оқыту арқылы тәлімгерлердің тәжірибелерін енгізу;

3.    Аймақтарда балалар мен жетімдер үшін 1000 еріктілерді тарту және оқыту;

4.     Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық облыс орталықтарында ҮЕҰ еріктілік жұмыстары үшін 68 шағын гранттарды жүзеге асыру (әрбір грант 300 000 теңге соммасында)

Қараша айында еліміз бойынша өте жақсы деген еріктілер тәжірибелері мен жұмыстары қорытындыланады.

 

        Құрметті тәлімгерлер және еріктілер, Сіздер біздің әлемді жарық, әрі мейірімді етесіздер!

        Біз Сіздерді жобаға шақырамыз және күеміз! Жобаға қатысу үшін тиісті байланыс телефондарына хабарласуларыңызға болады.

        Жобаның әкімшісі: «KAZBRANDS» Қоғамдық қоры; Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрлан Жазылбеков, жоба жетекшісі – Кайкенова Жаныл-Бике, жобаның басты менеджері – Ертаева Айжан

        Байланыс телефондары: 8 705 544 8467, 8 707 559 8888, 8 708 708 5322.




Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 384 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1196 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3063 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена