Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар QAZMED VOLUNTEERS "BIRGEMIZ:SAYLYQ" жалпыұлттық жобаның қоғамдық тыңдауы

"BIRGEMIZ:SAYLYQ" жалпыұлттық жобаның қоғамдық тыңдауы

01.12.2024 499




28.11.2024 ж. "Birgemiz.saulyq" жалпыұлттық жобаның қоғамдық тыңдауы өтті. Үш жыл ішінде жоба медициналық волонтерлік, мұқтаж жандарға көмек көрсету және денсаулық сақтау жүйесін нығайту саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.  

Тыңдау барысында бастаманың негізгі қорытындылары шығарылды. Негізгі тақырыптардың бірі медицинадағы еріктілер қозғалысының дамуы болды. Жобаны іске асыру барысында мыңдаған еріктілер оқудан өтті, қайырымдылық акцияларына қатысты және халықтың осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға көмек көрсетті.   

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар халықты салауатты өмір салты және аурудың алдын алу туралы ақпараттандырудың маңыздылығын талқылады. "Birgemiz.saulyq " ақпараттық науқандарды, ашық дәрістер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру арқылы СӨС идеяларын белсенді түрде насихаттады.  

"Birgemiz.saulyq" жобасы "Birgemiz" ұлттық бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды және қоғам мен мемлекеттің бірлескен күш-жігері өзекті мәселелерді шешуге қалай ықпал ете алатындығының мысалы болды.

🔷Жоба "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде республикалық деңгейде іске асырылады. @cisc_official

#cisckz #birgemizsaulyq2024 #amanbolhalqym #цпгикз

Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1999 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2724 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2030 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена