Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Saýlyq Медицинаға еңбегі сіңген тұлғалар

Медицинаға еңбегі сіңген тұлғалар

04.10.2023 163


Мұхтар Әлиұлы Әлиев – кеңестік қазақ хирургы, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін қалаушы (1995), Қазақстанның Халық қаһарманы (1995), халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-12-ші шақырылымының депутаты. Мұхтар Әлиұлы Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңа қорған ауданы, Төмен-Арық станциясында дүниеге келген. 1950 жылы Түркістан педагогикалық училищесін бітірген. Еңбек жолын Шымкент облысы Шәуілдір ауданы Темір ауылының жеті жылдық мектебінде мұғалім болып бастаған (1950-51). 1951-1957 жылдары-Алматы мемлекеттік медицина институтында білім алған. 1957-1958 жылдары-Шымкент облысы «Тимур» совхозының учаскелік ауруханасының хирургі және бас дәрігері. 1958-1960 жылдары-Алматы мединституты кафедрасының ординаторы. 1960-1961 жылдары-Республикалық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері. 1961-1963 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. 1963 жылдан 1969 жылға дейін-Алматы медицина институты кафедрасының аспиранты, ассистенті. 1969 жылдан 1976 жылдар аралығында Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының доценті, кафедра меңгерушісі. 1976-1980 жылдары Алматы медицина институты кафедрасының меңгерушісі. 1980-1982 жылдары – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі. 1980-1985 жылдары – клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1982 жылдан 1987 жылға дейін Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі, 1987 жылдан бастап А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры. 1998 жылы Халықаралық медицина ғылымдары академиясының (Брюссель, Бельгия) негізін қалап оны тұңғыш президенті болған.


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 555 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1359 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3191 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена