Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар QAZMED VOLUNTEERS Медицинаға еңбегі сіңген тұлғалар

Медицинаға еңбегі сіңген тұлғалар

18.09.2023 744

Қарақұлов Ишанбай Қарақұлұлы (1909-1992) - ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының, КСРО Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, КСРО Медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның және Қарақалпақ АКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина ғылымы саласында қазақтан шыққан тұңғыш профессор.

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Орынбор қаласындағы жасөспірімдерге арналған үш жылдық мектеп-интернатында оқыған. Орал қаласындағы Қазақ өлкелік медицина техникумын, Алматы мемлекеттік медицина институтын (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) және осы институттың аспирантурасын бітірген.1950-1954 жылдары Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.

Ишанбай Қарақұлұлы - эпидемиология, профилактика және микробиология саласындағы белгілі зерттеуші және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі қайраткерлердің бірі. Cарыптан сақтану мақсатында адам терісіне алдын ала вакцина егу әдісін тапқан. Оның ұсынған бұл әдісі қазіргі кезде шет мемлекеттерде де қолданылады.



Жоба республикалық деңгейде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның @cisc_official мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылады.

#cisckz #birgemizsaulyq2023 #цпгикз


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 5714 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 5598 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 4934 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена