Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Қазақстандағы төтенше жағдайлар саласындағы волонтёрлікті дамыту Волонтерларды ТЖ саласындағы жобаларға тарту бойынша "Birgemiz: Úmit" шағын гранттар конкурсы

Волонтерларды ТЖ саласындағы жобаларға тарту бойынша "Birgemiz: Úmit" шағын гранттар конкурсы

22.07.2020 1639

       Жоғалған адамдарды іздеуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апаттардың қауіп-қатерін азайтуға, жобаларға волонтерлерді тартуға бағытталған "Birgemiz: Úmit"  жалпыұлттық жобасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылады.

      Байқау аясында 68 жеңімпаз анықталады, олар өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыруға 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде шағын грант алады. Шағын гранттар конкурсына жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады. Барлық өтініш берушілер Qazvolunteer.kz платформасында тіркелуі тиіс. Өтінім жеке берілген жағдайда өтініш беруші 18 жастан асқан болуы қажет. Еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Байқау ережесін Instagram @league_volunteers профилінің сипаттамасында табуға болады.

 

    Келесі бағыттар бойынша жобалар қабылданады:

- ТЖ саласындағы волонтерлік жобалар;

- адамдарды іздеу бойынша волонтерлік жобалар;

- шұғыл медициналық көмек көрсету;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша волонтерлік жобалар;

- шағын гранттар конкурсы туралы ережеде белгіленген өзге де бағыттар.

 

     Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 707 597 3421 немесе поштаға  volunteers.almaty@gmail.com


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 110 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 108 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 157 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена