Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Bilim Қарағанды облысы бойынша "Біргеміз білім" жалпыұлттық жобасының қорытынды есебі

Қарағанды облысы бойынша "Біргеміз білім" жалпыұлттық жобасының қорытынды есебі

16.12.2020 1718

"Қарағанды облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты оқытуға волонтерлік көмек көрсету бойынша «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы»

 

 

Оқушылардың үлгерімі бойынша есеп жүргізу, курс қатысушыларының материалды меңгеру дәрежесіне, динамикасына мониторинг жасау.

Қорытынды есеп

 

«Азамат» Қарқаралы ауданының жастар мен балалар одағы қоғамдық бірлестігі – Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның әлеуметтік гранты аясында 2020 жылы ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық, ағылшын, компьютерлік және құқықтық сауаттылық курстарын ерікті түрде өткізу мақсатында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты - волонтерлікті ынталандыру және халықтың азаматтық белсенділігін арттыру, волонтер-оқытушылардың ауылдық жерлердегі орта мектеп оқушыларына білім беру қызметтерін ұсынуға көмек көрсету. Жоба аясында Қарағанды облысында 5 бағыт бойынша, 123 волонтер көмегімен – 9 ауданнан 1297 оқушы оқытылды.

Жоба басында алдымен оқушыларға Қарағанды облысы Білім беру басқармасымен келісілген, онлайн сауалнама таратылып, 1300-ға жуық оқушы жобаға қызығушылық танытты. Жоба жұмысының барысын қадағалау мақсатында, 5 адамнан тұратын, сараптамалық кеңес құрылды.

 

Т.А.Ә.

Қызметі

Лауазымы

1

Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

Кеңес төрағасы

2

Азаматова Айгерім Думановна

Қарағанды облысы білім басқармасының бөлім басшысы

Кеңес мүшесі

3

Даупбаева Үміт Төкеновна

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы маманы

Кеңес мүшесі

4

Қобланды Ерсайын Саянұлы

Қарқаралы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

Кеңес мүшесі

5

Темиргали Маржан Мырзагалиевна

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» КМҚК-нің ұстазы,  "One Power" волонтерлік клубының жетекшісі

Кеңес мүшесі, хатшы

 

Сонымен қатар, сараптамалық кеңес – жобаға қатысуға ниет білдірген волонтерлерді іріктеуде, өз көмектерін көрсетті. Жобаға жыл бойы 123 волонтер іріктеуден өтті.

Жобаның мақсатына сәйкес, іріктеуден өткен волонтерлерге арналған оқыту курстары ұйымдастырылды. Волонтерлерді оқыту үшін әр бағыт бойынша тренерлер жасақталып, түрлі тақырыптар бойынша оқытуларын жүргізілді.

 

Жоба жоспарына сәйкес, волонтер – оқытушылар жобаның бағыттары бойынша оқытудан өткеннен кейін, ауыл мектептерінің оқушыларын оқытуды бастады, ал оқыту үшін оқу бағдарламаларын әзірледі.

 

Бағыттары

Оқыту сағаттары

1

Ағылшын тілі

48

2

Компьютерлік сауатталық

8

3

ҰБТ-ға дайындық

72

4

Құқықтық сауаттылық

8

5

Олимпиадаларға, ғылыми байқауларға дайындық

48

 

Жобаны іске асыру барысында енгізілген пандемияға байланысты волонтер - оқытушылар ауыл оқушыларына әртүрлі мессенджерлер мен интернет - платформалар (WhatsApp, ZOOM және т.б.) арқылы онлайн оқытулар өткізді.

Жоба бағыттары бойынша оқушыларды дайындау басында оқушылардың алғашқы білімін аңықтауға арналған тест жұмыстары жүргізіліп, ал оқыту аяқталғаннан кейін ауыл мектептерінің 8-11 сынып оқушыларын кейінгі білім деңгейін аңықтауға арналған тестілеуі өткізілді.

 

 «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы оқушыларына жүргізілген тест нәтежиелері бойынша пайыздық (%) өсім

Оқыту бағыттары

Бастапқы деңгей

Кейінгі деңгей

Өсім

1

Ағылшын тілі

46%

75%

29%

2

Компьютерлік сауатталық

68%

93%

25%

3

ҰБТ-ға дайындық

70%

85%

15%

4

Құқықтық сауаттылық

66%

90%

24%

5

Олимпиадаларға, ғылыми байқауларға дайындық

44,12

65,19

21,07%

 

Волонтерлермен күнділікті оқыту бойынша консультациялар жүргізілді. Оқыту бағдарламасына сәйкес сабақтарда волонтерлер оқушылармен күн сайын онлайн кеңестерін айтып, оқыту жүргізілді. Оқушылардың білімінің оқыту басталғаннан салыстырғанда күнделікті өсім көрінді.

 

Жоба соңында үздік деп танылған 15 волонтерді сараптамалық кеңес анықтап, жалпы сомасы 350 мың теңгеге бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жалпы жоба аясында волонтерлер мен оқушыларға талдау жасай отырып, білім беру мекемелерінде балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру кезінде келесі басым принциптерге сүйену керек:

1. Волонтерлерді материалдық ынталандырудан тәрбиелік-дамытушылыққа көшуге назар аудару (оқыту курстары түрінде, білім беру мазмұнына қол жетімділік)

2. Волонтер – оқытушылардың жұмысын әрі қарай қолдау және мұғалімдердің мәртебесін көтеру.

2. Оқушының жеке мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қабілеттеріне бағдарлау.

3. Оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес білім беруге көшу.

4. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту бірлігі.

5. Білім беру процесінің практикалық-әрекеттік негізі.

 

 

                                                                                          

ҚБ төрағасы                                              Рахымбек Д.Б.


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4108 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1261 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 860 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена