Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жас пен шекараны білмейтін білім: волонтерлер белсенді қарттарға сабақ беруде

Жас пен шекараны білмейтін білім: волонтерлер белсенді қарттарға сабақ беруде

27.06.2025 779 0

Астана қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында Ұлттық волонтерлік желісі ерекше бастаманы жүзеге асыруда — жастар мен волонтерлердің көмегімен қарттар жаңа білім алуға мүмкіндік алып отыр.

Біздің волонтерлер ағылшын тілі, домбыра және әлеуметтік желілерді қолдану бағыттарында апталық сабақтар өткізуде. Бұл — тек оқыту емес, бұл – ұрпақтар арасындағы алтын көпір, шынайы қарым-қатынас пен шабыт.

Бүгінгі күнге дейін 30-дан астам сабақ ұйымдастырылып, онда белсенді зейнеткерлер өз қызығушылықтары бойынша жаңа дағдыларға қол жеткізді. Бірі ағылшынша сөйлеуді үйреніп жатса, енді бірі әлеуметтік желілер арқылы немерелерімен байланыс орнатуда. Ал домбыра сабағы – ұлттық рухты қайта тірілткен рухани сәттерге толы.

Бұл жоба — тек білім емес, жүректерді жақындататын бастама. Волонтерлер өз уақыты мен энергиясын бөлісіп, қоғамдағы ұрпақтар үндестігін қалыптастырып жатыр.

@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
08.06.2026 1534 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн-тренингтің нәтижелері жарияланды!
Толығырақ
05.06.2026 1601 0
Көктемгі игі істер апталығы өз мәресіне жетті!
Толығырақ
01.06.2026 2386 0
БАҚ өкілдері мен коммуникация саласының мамандарына арналған онлайн-тренинг
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена