Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Жас пен шекараны білмейтін білім: волонтерлер белсенді қарттарға сабақ беруде

Жас пен шекараны білмейтін білім: волонтерлер белсенді қарттарға сабақ беруде

27.06.2025 905 0

Астана қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында Ұлттық волонтерлік желісі ерекше бастаманы жүзеге асыруда — жастар мен волонтерлердің көмегімен қарттар жаңа білім алуға мүмкіндік алып отыр.

Біздің волонтерлер ағылшын тілі, домбыра және әлеуметтік желілерді қолдану бағыттарында апталық сабақтар өткізуде. Бұл — тек оқыту емес, бұл – ұрпақтар арасындағы алтын көпір, шынайы қарым-қатынас пен шабыт.

Бүгінгі күнге дейін 30-дан астам сабақ ұйымдастырылып, онда белсенді зейнеткерлер өз қызығушылықтары бойынша жаңа дағдыларға қол жеткізді. Бірі ағылшынша сөйлеуді үйреніп жатса, енді бірі әлеуметтік желілер арқылы немерелерімен байланыс орнатуда. Ал домбыра сабағы – ұлттық рухты қайта тірілткен рухани сәттерге толы.

Бұл жоба — тек білім емес, жүректерді жақындататын бастама. Волонтерлер өз уақыты мен энергиясын бөлісіп, қоғамдағы ұрпақтар үндестігін қалыптастырып жатыр.

@qazvolunteer.kz

Last news
29.09.2026 3374 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Read more
26.09.2026 3175 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Read more
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена