Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды

07.09.2026 139 0


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялайды.


Жыл сайын табысталатын халықаралық сыйлық қоғам игілігі үшін қызмет етіп, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлік топтарды, қазақстандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды ынталандыруды көздейді.


Сыйлық 15 номинация бойынша беріледі:

«Үздік волонтерлік ұйым»;

«Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;

«Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары»;

«Үздік әлеуметтік көмекші»;

«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;

«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;

«Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;

«Денсаулық сақтау саласын дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;

«Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;

«Білімді әйгілеудегі үлесі үшін»;

«Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін»;

«Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;

«Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;

«Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;

«Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».


Әр үміткер сыйлықтың бір ғана номинациясына қатыса алады.

Құжаттар 2026 жылғы 7-27 қыркүйек аралығында https://qazvolunteer.kz/kk арқылы қабылданады.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру тәртібі мен байқау талаптары туралы толық ақпарат https://qazvolunteer.kz/kk және http://www.adilet.kz/  сайттарында жарияланды.


Қосымша ақпаратты +7 (7172) 74-12-86, 74-03-11 нөмірлері бойынша алуға болады.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1286632?lang=kk 


Соңғы жаңалықтар
07.09.2026 136 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2192 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2640 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена